ДИКТОР: Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының құрамындағы этно-мәдени бірлестіктің бірі-татар-башқұрт ұйымы. Аталған бірлестік мүшелерінің ішінде 85 жастағы Светлана Ибрагимова ұйымның кез келген шарасынан қалған емес. Жастарға үлгі болып, белсенділік танытып жүреді.

РКС: Светлана Ибрагимоваға ән айту өнері ата-анасынан дарыған. Балалық шағымда солардың шырқаған әнін естіп өстім,-дейді. Музыканың құдыреті шексіз. Сексеннің сеңгірінен асқан қария ән шырқау хоббиіне айналғанын айтады. Светлана Ибрагимова «Ғалиябану» татар-башқұрт вокалды ансамблінің белді мүшесі. Бұл ансамбль бірлестік жанынан құрылған. 2018-ші жылы халықтық атағын алды. Қазір халықаралық деңгейде өнер көрсетіп жүрген ұжым.

СНХ: СВЕТЛАНА ИБРАГИМОВА, «ҒАЛИЯБАНУ» АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ: Орыс, қазақ, украин тілдеріндегі әндерді ұнатамын. Сүйіп орындаймын. Ән шырқау арқылы жан дүниемді тыныштандырамын. Түрлі ойдан арылтады. Музыка өмірімнің мәні. Ұжым өте ұйымшыл. 2-ші отбасым сияқты. Сол себепті әрдайым олармен қауышуға асығамын.

РКС: Жасына қарамастан Светлана Ибрагимова бірлестік тарапынан ұйымдастырылатын түрлі шараның бел ортасында жүреді. Этномәдени бірлестіктің өзге мүшелері ерекше құрметтейді.

СНХ: ХУРРИЯ ФАТХИЕВА, «ҒАЛИЯБАНУ» АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Светлана Ислямовна 16 жылдай біздің ортамызда. Оның дауысы ерекше. Оған тең келер ешкім жоқ дер едім. Әнді керемет орындайды. Ортаның гүлі, ұжымның белді әншісі.

РКС: Светлана Ибрагимова бір апта бұрын 85 жасқа толды. Мерейтой иесінің шығармашылық еңбегі еленіп, облыс әкімі орынбасарының құттықтау хаты табысталды.

ИНТЕРШУМ:

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ