ДИКТОР: Облыстық әдебиет және өнер музейінде балалар көркемсурет мектебі оқушыларының «Шабытты балалық шақ» атты шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
РКС: Жұмыстардың көпшілігі түрлі стиль мен жанрда орындалған. «Аңырақай шайқасы» атты картинаның авторы, мектеп оқушысы Асылхан Хасен. Балалар көркемсурет мектебінің түлегі. 4 жыл бойы қылқалам өнерінің қыр-сырын меңгерді.
СНХ:АСЫЛХАН ХАСЕН, БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: Картина акрилмен салынған. Осы тақырыпты алдым себебі менің байқағаным біздің Қазақстанда батырлардың темасын өте аз талқылайды және көтереді. Сонымен қатар мен баталия стиліндегі картиналардың өте аз екенін байқадым. Өйткені түсіндім ол өте қиын тақырып, оны жасау өте қиын. Бұл шайқас емес, фрагмент. Осы суретті мен әкемнің арқасында салдым. Себебі, әкем осы қазақ батырларының реконструкциясымен айналысады. Өзі шебер.
РКС: Балалар көркемсурет мектебінің ұстаздары тәрбиеленушілерін қашан да қолдайды. Бұл жолы ұйымдастырылған көрмеде де шәкірттерінің қолөнерін тамашалауға келді.
СНХ:ДУЖАН МАҒЗҰМОВ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұл көрме біздің есеп көрмесі болып есептеледі және біздің мектепке 45 жыл осы жылы. Эстетикалық тәрбие береді, сол эстетикалық тәрбиені біз жоғары деңгейде балалардың бойындағы қабілеттерін арттырып, ашуға тырысамыз. Қазір келіп отырған балалардың арасында көбі студент, колледждің студенттері артынша олар жоғары білім алып, еліміздің көркем өнер саласында өзінің туындыларын көрерменнің назарына ұсынады деген ойдамыз.
РКС: Айта кетейік, көрмеге қойылған туындыларының дені көркемсурет мектебін аяқтаған шәкірттердің дипломдық жұмыстары. Шығармашылық жұмыстағы шеберлігін креатив пен шабытын ерекше көрсете білген оқушыларға облыстық мәдениет басқармасының басшылығы дипломдар табыстады.
ИНТЕРШУМ:
САБИНА ЖАМШИТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ