ДИКТОР: Елімізде балалар туризмі тұралап тұр. Дәл осы мәселе Зеренді ауданында оқу-ағарту, спорт және туризм, еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрлерінің, кәсіпкерлер палатасының, өңірлік сауықтыру лагері басшыларының қатысуымен өткен жиында көтерілді. Аталған салаға құзырлы мемлекеттік органдардың көзқарасы мен заңнаманың бір жүйеге реттелмеуі лагерлер жұмысының дамуына кедергі келтіріп отыр, - дейді жиналғандар. Соған қарамастан Парус лагерьінде қысқы орталықтың тұсауы кесілді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Елімізде 107 лагерь мемлекеттің қарамағында болса, 100 лагерь жеке меншікте. Зерендіде орналасқан бір маусымда 2010 баланы қабылдауға қауқарлы Парус демалыс орталығында пилоттық жоба ретінде қысқы орталық жұмысын бастады.

СНХ: ЮЛИЯ КУЧИНСКАЯ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Өте тамаша! Біз осында жиналып, балалар демалысын ұйымдастырудағы негізгі сұрақтар мен мәселелерін талқылап, демалыс орталығындағы Парус лагерінде жаңа нысанның ашылуына дөп түсіп тұрмыз. Әрине біріншіден тілегім, балалардың демалысқа келуі маңызды, балалар демалысқа келе берсін.Олар өздері үшін қолайлы,қауіпсіз және жан-жақты дамуға қажеттіні алсын деген тілек.Бұл керемет, бұл өте маңызды! Ең маңыздысы, Ақмола облысында дамуға бейім осындай орталықтың бар екені қуантады. Біздің облыстың туристік әлеуеті өте жоғары соның ішінде балалар демалысын ұйымдастыру өте маңызды.

КСМ: Өңірде қыс түгілі күз бен көктемде де жұмыс істейтін лагерлер жоқтың қасы. Бұл ретте нормативтік-құқықтық құжаттардың да әлі жетілмеген тұстары бар екені айтылды.

СНХ: ҚАЙРАТ СҰЛТАНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Лицензиялау туралы заң жайлы айтсақ. Бүгін медициналық кеңсеге лицензия алу үшін мен міндетті түрде заңды тұлға болу керек. Мен ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгіндім. Құжаттағы жазылған көрсеткіштерге өзгеріс енгізейік деген ұсыныс айттым, осында санитарлық гигиеналық орган өкілдері отыр, біз барлық жұмысты жеке-жеке істейміз. Жүйелі өзгеріс керек. Заңды тұлға ретінде бізге өте қиын. Бір медициналық кабинет ашу үшін, мен шаруашылық серіктестік ашуым керек. Немесе бізге лагерьдің ашылуына қорытынды берілмейді. Сондықтан хабарландыру сипатындағы лицензиялау туралы заңда медициналық пунктке лицензия тағайындауды қосса деген өтініш бар, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлікті де.

РКС: Аталған лагерьде бассейн, кең қауіпсіз спортзал, тамақтанатын орындары да қарастырылған. Денге саулық сыйлайтын таза ауадағы демалыс орнының қазіргі жағдайы демалуға келетін балаларды қабылдауға дайын болғанымен, лицензиялау жағынан шешілмеген шикі мәселелердің кедергі келтіретіні сөзсіз. Сондықтан, құзырлы мемлекет органдар аталған мәселені қарастырса, - дейді кәсіпкерлер.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ