ДИКТОР: Жалпы білім беретін мектептердегі 10-11 сынып оқушылары үшін жұмысшы мамандықтары бойынша экспериментальды білім беру бағдарламасы енгізілді. Аталған бағдарлама техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуда. Мемлекеттік тапсырыс аясында Көкшетаудағы құрылыс-технологиялық колледжінің базасында қала мектептерінің оқушылары қос жұмысшы мамандығы бойынша оқып жатыр. Бүгін олар теориялық білімдерін дәлелдеу үшін емтихан тапсырды.

РКС: Құрылыс-технологиялық колледжінде 30-ға жуық жоғары сынып оқушысы жарты жыл бойы «Аспазшы», «Кондитер» мамандықтарының құпиясын меңгерді.

СНХ: ДИНАРА КӘКІМОВА, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Мен осы бағдарламаның арқасында өте көп кондитерлік тәттілерді қалай істеуді үйрендім. Бізде мұнда өте жақсы мұғалімдер. Мұғалімдер бізге көп жаңа ақпарат беріп, олар бізге осы мамандықтың қыр сырын түсінуге көмектесті.

РКС: Алған білімін тәжірибемен ұштастырған оқушылар бүгін арнайы емтихан тапсырды. Бірі тағамның түр-түрін, енді бірі көздің жауын алатын тәттілерін дәл сол жерде пісіріп көрсетіп жатты. Тағам әзірлеудің өзі үлкен өнер. Дәмі тіл үйірер тағамдар мен тәттілерді көркемдеу де дизайнерлік тапқырлықты қажет етеді. Бір сөзбен айтқанда оқушылардың қиялында шек жоқ.

СНХ:ГҮЛЗАТ ЫБЫРАЕВА, ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСІ: Бүгін балалардан емтихан алып жатырмыз, пилоттық жоба бойынша осында балалар мектептен келіп білім алды. Өте жоғары деңгейде өтіп жатыр, тағамдары бәрі дәмді, әдемі. Балаларға тек қана сәттілік тілеймін. Осындай колледжде жоба ашылғанына қуаныштымыз. Көбейе берсін осындай жобалар.

РКС: Емтихан қорытындысы бойынша қаңтардың 15-інде қос мамандықты меңгергендерге жұмысшы мамандығын беру туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Бұл шара Мемлекет басшысының биылғы жылды жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялауымен тұспа-тұс келіп отыр.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ