ДИКТОР: Биыл еліміздегі ұлттық ұланның құрылғанына 33 жыл толып отыр. 10 қаңтар Ұлттық ұлан қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті. Осыған орай Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімінде салтанатты шара ұйымдастырылды.
РКС: Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған шарада бірқатар ұландар марапатқа ие болды. Отан алдындағы адал қызметі үшін сала ардагерлеріне мақтау қағаздары табыс етілді. Әскери және келісімшарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер төсбелгілерге ие болды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ВАДИМ ПОДОЛЬСКИЙ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ВЗВОД СЕРЖАНТЫ: Бірқатар лауазымды тұлғалар Жоғары Бас қолбасшының атынан марапат алды. Көкшетау қаласындағы қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқанымыз үшін марапатталдық. Жеке өз атымнан және әскери қызметшілер атынан Ұлттық ұланның барлық әскери қызметшілерін мерекемен құттықтаймын. Мансапта және жауынгерлік дайындықта сәттілік тілеймін!
РКС: Ұлттық ұлан сарбаздары Отанды қорғауға, қоғамдық тәртіптің сақталуына күш салуға қашанда дайын екендіктерін айтты. Әскери қызметкерлер су тасқыны кезінде халыққа айтарлықтай көмек қолын созғаны белгілі. .
СНХ: БЕРІК ӨТЕГЕНОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ РОТА КОМАНДИРІ: Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін осы кәсіби мерекесімен шың жүректен құттықтаймын! Алдағы өмірде тек қана қызметтік табыс, отбасыларына бақыт, Отанымыз тыныш болсын әрқашанда. Алдағы өмірде тек қана қызметте қырағылықпен атқаруға тілектеспін!
РКС: Қазақстанның Ұлттық ұланы ерекше маңызды мемлекеттік объектілерді, арнайы жүктерді күзетеді. Және ұсталған адамдар мен сотталғандарды алып жүруде қауіпсіздікке жауапты. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау, ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қарулы қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операцияларға қатысуға, басқа да ерекше тапсырмаларды орындауға жауапты.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.