ДИКТОР: Көкшетаудағы «Бурабай» спорт кешенінің зияткерлік ойындар залында тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында Ақмола облысының жекелей чемпионаты өтті.

ИНТЕРШУМ:

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Тоғызқұмалақ қазақтың бағзы заманнан келе жатқан ақыл-ой спорты.

РКС: Жыл басындағы спорттық кестеге сай өткізілген тоғызқұмалақшылар сайысы Ақмола облысында ұлттық құндылықтың қанатын кеңге жайып келе жатқандығын көрсетті.

СНХ: ЖҰМАТАЙ ӘБІЛҚАСОВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ХАТШЫСЫ: Ауа райының қолайсыздығына байланысты чемпионатқа кейбір өңірдің тоғызқұмалақшылар келе алмады. Есесіне, ең мықты деген ойыншылар қатысты.Чемпионат тоғызқұмалақтың 4 түрі бойынша өтті. Яғни, классика, рапит және блиц ойындары. Әр түрінен өз мықтылары бірден көзге түсті. Жарыс қорытындысы бойынша мол ұпай жинаған үміткерлер жүлдегер және жеңімпаз болды.Сөз орай келгенде Ақмола облысында ұлттық спорт түрлерінің жоғарғы спорттық шеберлік мектебі ашылып, жұмыс істеуде. Бұл өңірімізде тоғызқұмалақтың қаржыландырып, қанат жаюына септігін тигізеді.

РКС:Щучинск қаласындағы №7 орта мектептің 10-сынып оқушысы тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері – Ханшайым Әбиева облыстық жарыста алдына жан салмады.

СНХ: ХАНШАЙЫМ ӘБИЕВА, ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ: Мен классикалық ойын түрінен сынға түстім. Оны жазбаша өткізуге болады. Бұл жағынан маған қиындық болған жоқ. Қарсыластарыма қарсы комбинация қолданып, мол ұпай жинадым. Сөйтіп, облыс чемпионы атандым. Алдағы айларда Ақтөбе қаласында ел біріншілігі өтеді. Соған дайындалып, жеңіске жету керек. Осы орайда бапкерім, Жұматай Әбілқасов аға екеуміз дайындаламыз.

РКС: Тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында өткен Ақмола облысының чемпионаты ұлттық спорттың осынау түрінің өріс алып келе жатқандығын дәлелдей түсті.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ