ДИКТОР: Еліміз бойынша 1 мың мектепте кәсіпорындармен және колледждермен ынтымақтастық аясында бейінді сыныптар ашылады. Жоғары сынып оқушыларын алғашқы жұмысшы мамандығына оқыту тәжірибесі енгізіледі. Ақмола облысында бұл бастама қалай жүзеге асырылады. Тілші баяндайды.
РКС: Қазірдің өзінде аймақ бойынша екі мектеп Көкшетаудағы құрылыс-технологиялық және Степногорскідегі жоғары колледжбен ынтымақтастықта. Меморандум аясында жоғары сынып оқушылары өздері таңдаған мамандық бойынша тәжірибе жинақтауда. Бұл жұмыс былтырдан бері жүзеге асырылып келеді.
СНХ: БОТАКӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұдан басқа мемлекет басшысының жарлығына байланысты мынау бейіндік сыныптарды ашу бойынша бізде бүгінгі күні үш мектептің аясында жұмыстар жүргізілуде. Яғни бұл Көкшетау қаласындағы 6 мектепте және 12 мектепте пед. сыныптар ашылды. Бұл дегеніміз, жалпы жоғары сыныптың оқушыларын алдың ала қандай мамандықтың иесі болғысы келеді, соған арнайы дайындау. Яғни бұл екі мектеп аталған Шоқан Уәлиханов атындағы университеімен меморандумға отырған.
РКС: Облыс мектептерінде кәсіби бағдарлау тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 50 бейінді сынып ашу жоспарланып отыр. Бұл жұмыс жыл соңына дейін жүргізіледі.
СНХ: БОТАКӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Соның ішінде енді осы 11 мектептің базасында медициналық бағыттағы бейіндік сынып та жүзеге асып, өзінің жұмысын бастады. Енді жылдың аяғына дейін осы бейіндік сыныптарды 50 сыныпқа дейін жеткізу бізде жоспарланған. Осы бағытта әртүрлі Департаменттер бар, әртүрлі басқа да мемлекеттік органдармен меморандум жоспарланып, осы бағытта өзіміздің жұмысымызды жалғасытрамыз деп жоспарлап отырмыз.
РКС: Бұл жұмыс жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру мақсатында өткізіледі. Техникалық және кәсіби білім беруді трансформациялаудың Жол картасы қабылданды. Еліміздің 20 өңірінде жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге және мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған жоспар бекітілді. Сонымен бірге жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды күшейту де қарастырылған.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ