ДИКТОР: Мейірімділік жанды жылытады. Қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығына, күздің жаңбырлы сәтіне қарамастан таңмен таласып шаһардың тазалығына жауап беретін жұмысшылардың еңбегі ерен. Бүгін «Жастар рухы» жастар қанатының волонтерлері ерекше акция ұйымдастырды. Көше тазалаушыларға бауырсақ пен ыстық шай үлестіріп, бір сәтке болса да көңілдерін көтеруге тырысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жұмысшылардың бір сәтке болса да жаны жадырап, бойлары жылынып қалды. Жұмыстың жаманы жоқ. Еңбектің дәмі қашан да тәтті. Ел тірегі жастардың осындай қамқорлық жасағандарына разымыз,-дейді олар.

СНХ: СВЕТЛАНА МАКАРОВА, «КӨКШЕ ТАЗАЛЫҚ» КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСШЫСЫ: Шынымен жанды жылытатын осындай акция ұйымдастырып жатқан жастарға алғысым шексіз. Бізге жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеніп қайтсын.

СНХ:СҰЛТАНБЕК БЕКІШЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Алғаш рет ұйымдастырып отырған жоқпыз. Қаланың тазалығын реттейтін осындай жандардың еңбегі кез келген құрметке лайық. Осы кісілердің атқарып жатқан істері орасан дер едім. Оларға қолымыздан келгенше қолдау білдіруге дайынбыз.

РКС: Ерекше форматтағы осындай акция бүгін Бурабай мен Атбасар аудандарында да ұйымдастырылды. Жанды жылытар акцияны жастар қанатының волонтерлері алдағы уақытта облыстың барлық өңірінде өткізбек.

САБИНА ЖАМШИТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ