ДИКТОР: Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының полигонында аталған оқу орны 4-ші курс курсанттарының қатысуымен жедел-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Аталған жиын қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алуға және оны жою жөніндегі апаттық-құтқару тобының іс-қимылы тақырыбына арналды.

РКС: Кезекшінің сигналы бойынша төтенше жағдайды жою аумағына техниканы қар құрсауынан эвакуациялау және зардап шеккендерді іздеу үшін құтқару жасағы жіберілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі жеңіл автомобиль соқтығысып қалып, біреуі өрттеніп кетті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ӘЛИХАН АМАНЖОЛОВ, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Біз азаматтық қорғау академиясында 4 жыл ішінде алған барлық теориялық және практикалық дағдыларды қолдана алдық. Шараларды өткізу кезінде апаттық-құтқару жұмыстарын, сондай-ақ зардап шеккендерді құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қажет болған сәттерге тап болдық. Бұл міндеттер біздің офицерлердің арқасында сәтті орындалды. Менің ойымша, мұндай жаттығуларды болашақ курсанттарға практикалық дағдыларды алу үшін жиі өткізу керек.

РКС: Оқу-жаттығу жиынына 75 курсант, 12 офицер мен 10 техника жұмылдырылды. Сонымен бірге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы командалық-штабтық машинада штабтар арасындағы байланысты қамтамасыз етуде көмек көрсетті.

СНХ: РУСТАМ ОСИПОВ, ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШТАБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Бүгінгі оқу-жаттығулар курсанттарды оқытудың соңғы кезеңі болып саналады. Содан кейін олар академиясын тамамдап, республикамыздың Төтенше жағдайлар департаменттерінде өз қызметтерін атқаруға жіберіледі. Бүгін жылжымалы жылыту пунктін өрістету, қысқы жағдайда автокөлікті сөндіру сияқты жұмыстар көрсетілді. Оқу-жаттығулар қойылған мақсаттарына толық қол жеткізілді. Жеке құрам тапсырманы толық орындай алды. Курсанттарды бүгінгі оқу-жаттығуларына даярлау 6-9 қаңтар аралығында жүргізілді. Оқу-жаттығу алдында теориялық сабақтар өткізілді.

РКС: Азаматтық қорғау академиясы еліміздегі өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны. Биыл академияны 146 курсант бітіріп шығады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.