ДИКТОР: Қазақстанда пошта қызметі 19 ғасырдан бері қолданысқа енгізіліп, халыққа қызмет етіп келеді. Ол жергілікті халықтың, яғни тұтынушының мәдени-тұрмыстық мұқтаждықтарын толық қамтамасыз ете отырып, алыс-жақын шет елді байланыстырып отырған қызметшілерден жасақталған ұйым. Пошта мамандарының жұмысы қауырт әрі ауыр. Тілшіміз Нұрсәуле Мұрат аталған сала маманының бірімен жүздесіп қайтты.

РКС: Таңның атысы, күннің батысы иығына сөмкесін арқалап алған пошта қызметкерінің еңбегі қашан да адал. Қыстың қақаған бораны мен жаздың мидан өтер ыстығына қарамай, халыққа қызмет етуден жалықпаған жандар. Дәл осындай маман иесі Қалдықыз Тұрдықұлова. Өзі де жұмысшы отбасында дүниеге келген. Өзбекстаннан көшіп келген қандас. 10-сыныпта оқып жүрген кезінен бастап пошта қызметіне қызығушылығы артып, болашақ мамандығын да еш ойланбастан осы саламен байланыстырған.

СНХ: ҚАЛДЫҚЫЗ ТҰРДЫҚҰЛОВА, «ҚАЗПОШТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖЕТКІЗУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бүкіл өмірім осы поштада кетіп жатыр. 40 жыл стажым бар. 20 жыл Өзбекстанда, 20 жыл мына Көкшетауда. Көкшетауға келгеніме өкінбеймін. Өзбекстаннан келген жылы көп нәрсені білмейтін едім.Компьютерлерді білмейтін едім, қалай істейтінін. Соның бәрін үйрендім. Даже осы ковид уақытында да біз еш нәрседен таймадық. Біз күнде жұмыс істедік. Менде 20 жыл,22 жыл істеп келіп жатқан почтальондар бар. Біздің жұмыста зрительная память и скорость дейді.Ол жаңағы тездік и зрительная память деген кімге қандай хат апару керек екенін.

РКС: Пошта саласында хаттың толассыз болатын кезі жылдың аяғы. Ал EMS, яғни жедел хаттар тұтынушыға 3 сағаттың ішінде жеткізілуі керек. Бөліміндегі пошташы қыздардың жұмысын үйлестіріп, кез келген хат-хабардың уақытылы жетуіне зор үлес қосып келеді. 40 жылдық еңбек өтілі бар маман әріптестері арасында сыйлы. Жұмыста мықты маман болса, отбасында үлгілі отанасы.

СНХ: ҚАЛДЫҚЫЗ ТҰРДЫҚҰЛОВА, «ҚАЗПОШТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖЕТКІЗУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ Осы міне алла жазса, февральда 60-қа келемін. Пенсияны ұзартып жіберді. 61 де келесі жылы бір жыл қалды. Аман-есен абыроймен пенсияға шыққым келеді. Жалғыз ұлым бар. Ұлым көбейді. 3 немерем, келінім бар Келінім осы Көкшетаудың қызы, тамаша қыз. Келін деп айтпаймын, қызым,жаным,күнім деп айтамын. Үлкен немерем чемпионат Азия, чемпионат Мира, Кубок Мира. Қазір 14-тен 15-ке кетіп жатыр. 4-мектепте оқиды. Немерелерім 5-пен оқиды. Спортсмен. Отбасыммен өте мақтанамын.

РКС: Кейіпкеріміз пошта саласына қиындық туғызатын кейбір сәттермен де бөлісті. Жаңадан бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлерде пошта жәшігінің жоқтығынан әр қабатқа көтеріліп, хат-хабарды жеткізу уақытты да алады,-дейді. Екінші мәселе әр пошташының қызмет ететін аумағы 25 шақырымнан артық екенін де тілге тиек етті. Ал әр пошташы үшін белгіленген жол ұзақтығы 16 шақырым. Осы қашықтықты жаяу жүріп өтеді. Онымен қоса, иығына асып алған сөмкесінің қаншалықты ауыр екенін көз алдыңызға елестетіңіз. Адал еңбектің тері ащы, жемісі қашан да тәтті. Қалдықыз Тұрдықұлованың пошта саласындағы адал қызметі ескерусіз қалмай, өз дәрежесінде бағаланған. Ол «Үздік байланысшы», «Ерен еңбегі» медальдарының иегері.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ