ДИКТОР:Былтыр өңірдегі елді мекендердегі су бұру жүйесі мен сумен жабдықтауға 33 млрд.теңге бөлінді. Негізінен барлық қаражат құрылыс нысандарын салуға және қайта жабдықтауға бағытталған. Облыстағы жауапты сала мамандары халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауды жалғастыруда.
РКС: Өткен жылы аймақта 18 жоба жүзеге асырылды. 58 жоба бойынша жұмыс биыл жалғасады. Айта кетейік, көкшетаулықтар биыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Наурыз-сәуір айларында жаңа тазарту құрылғысы іске қосылып, технологиялық жабдықтарды баптау жоспарланып отыр.
СНХ:ИГОРЬ МАКАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Көкшетау қаласы бойынша жұмыс істеп тұрған тазарту құрылғыларында жабдықтар үнемі жөнделіп, ауыстырылып тұрады. Су құбырлары мен суларды тазарту қондырғыларын қайта жаңғырту негізгі ірі жоба. Осы жоба бойынша барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Негізгі ғимарат, жабдықтар мен резервуарлар орнатылды. Енді одан әрі жұмыс істеуі үшін іске қосу жұмыстарын жүргізу қажет.
РКС: Қосшы қаласын, Аршалы мен Целиноград аудандарына қарасты елдімекендерді орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Бұл жобаға өткен жылы 10 млрд. теңге бөлінді.
СНХ: ЖАСҚАЙРАТ САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Былтыр 12 елді мекенде газ құбырының құрылысына қатысты жұмыстар жүргізілді. Қосшы қаласы, Аршалы ауданының екі және Целиноград ауданының 9 ауылы. Былтыр бұл елді мекендерде 400 шақырым газбен жабдықтау желісі тартылды. Оның ішінде бір ірі жоба аяқталды. Аршалы ауданына қарасты Жібек Жолы ауылына газ толық келді. Қараша айында пайдалануға берілді. Қазір Целиноград ауданы бойынша 4 жоба аяқталуға жақын. 4 ауылды биылғы жылдың бірінші тоқсанында орталықтандырылған газ желісіне қосу жопарланып отыр.
РКС:Биыл 6 жоба жүзеге асырылады деген жоспар бар. Ол орындалса 800 шақырымға жуық газбен жабдықтау желісінің құрылысы аяқталмақ. Тиісті қаражат түскен соң Тайтөбе, Ақбұлақ, Ақмол ауылдарында бұл жоба қолға алынады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ