ДИКТОР: Өткен жылы ақмолалықтардан "iKomek-109" колл-орталығына 33 мыңнан астам шағым келіп түсті. Орталық "бір терезе" қағидаты бойынша облыстың қызмет көрсету және коммуналдық қызметтерін біріктіреді. Сұраныстар негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, су және электрмен жабдықтау салаларына қатысты болды. Сондай-ақ өңірдегі жолдардың жай-күйі де тұрғындарды алаңдатады. Біздің түсірілім тоюы тәулік бойы мониторинг пен жедел әрекет етуді қамтамасыз ететін мамандармен кездесіп қайтты.

интершум:

РКС: Ақмолалықтардың арыз-шағымы мен телефон қоңырауларына желінің аға операторы Индира Қасымұратова жауап береді. iKөmek-109 қызметіне жұмысқа орналасқанына 3 жылдан асыпты. Тіпті жаңа жылды жұмыс орнында қарсы алған кезім болды,-деп еске алады. Жағымды сәттер де жоқ емес. 1 қаңтарға қараған түні адамдардың көпшілігі операторларды құттықтау үшін орталыққа қоңырау шалады екен. iKөmek-109 қызметі орын алған түрлі оқиғалар мен апаттарды тиімді шешуге әрекет етеді. Тұрғындардың әрбір арыз-шағымына мамандар міндетті түрде кері байланыс ұсынады.

СНХ: ИНДИРА ҚАСЫМҰРАТОВА, IKӨMEK-109 ҚЫЗМЕТІ ЖЕЛІСІНІҢ АҒА ОПЕРАТОРЫ: Кезекшілікке таңғы 9-да кірісіп, кешкі 9-да тапсырамыз. Қоңырауларды қабылдап, қажетті коммуналдық қызметтерге бағыттаймыз. Мысалы, құдықтарға қатысты өтінім келіп түседі. Біз өтінімді рәсімдеп, оны "Көкшетау су арнасы" қызметіне береміз. Көбінесе арыз-шағымдар маусымға байланысты келіп түседі. Мәселен былтыр су тасқыны кезінде телефон қоңырауы көп болды. Қазір негізінен қар, жолдарды тазалауға қатысты шағымдар жиі.

РКС: Байланыс орталығында жұмыс тәулік бойы қызу. Операторлар өңір тұрғындары мен қонақтарына жолдардың жабылуына, қоғамдық көліктер мен коммуналдық кәсіпорындардың жұмысына қатысты ақпарат беріп отырады.

СНХ: ИНДИРА САБИРОВА, IKӨMEK-109 ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бізде қазір 4 аға оператор мен 14 оператор ауысым бойынша жұмыс істейді. Операторлар 12 сағаттан жұмыс істейді. Ауысым арасындағы демалыс 2 тәулік. Орташа есептесек, тәулігіне шамамен 100-120 қоңырау шалынады. Оның ішінде 40-қа жуық шағым рәсімделіп, қалған қоңыраулар бойынша кеңес беріледі.

РКС: Айта кету керек, iKomek-ке тек 109 нөмірі бойынша ғана емес, басқа балама цифрлық қызметтер арқылы да хабарласуға болады. Whatsapp пен Instagram сияқты қосымшалары да бар. Бұдан бөлек, былтыр өңірде "Таза Қазақстан" акциясы аясында арнайы портал іске қосылды. Telegram-бот арқылы ақмолалықтар абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық мәселелері мен экология саласындағы мәселелерді шешу үшін 200-ден астам өтінім берген.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.