ДИКТОР: Бұрынғы Көкшетау облысына қарасты Қызылту ауданының тумасы өмірден ерте озған Жанатбек Ғаббасов туып өскен өлкесінде шайбалы хоккейдің шебер ойыншысы және насихаттаушысы болды. Көкшетаудағы «Бурабай» спорт сарайында марқұмды еске алуға арналған Ақмола облысының ашық турнирі өтті.
РКС: Биылғы жылғы жарыстың бір ерекшелігі Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жасөспірім хоккей командалары мұз айдынына шықты. Олар «қорқақ хоккей ойнамайды» дейтін спорттық қағиданы жандарына серік еткен өрендер еді.
СНХ: ФАРИД ҮСЕНОВ, БАС ТӨРЕШІ: Қызылту өңірі ежелден балуандарымен танымал. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының соңында Жанатбек Ғаббасов спорттың осынау қиын да қызықты түрімен тұрақты айналысты. Мұз айдынында жасындай жарқырап, шайба соғудың шеберіне айналды. Және ол өзі сияқты хоккейді жақсы көретін достарын спорттың осы түріне тарта білді. Біз жерлестері Жанатбектің осынау қасиеттерін ешқашан ұмытпаймыз.
STAND-UP:ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: 9 команда ойын алаңына шығып,бақтарын сынады. Олардың бәрі жақсы дайындықпен келіп, жанкүйерлер көңілінен шықты.
ИНТЕРШУМ:
СНХ:ЕРЛАН ТАСБОЛАТОВ, «РОДИНА» КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: (ЦЕЛИНОГРАД): Біздің елді-мекенде заманауи хоккей корты бар. Ауыл балаларының алаңсыз жаттығуына барлық жағдай жасалған. Командамыз Қазақстанда және жақын шетелдерде бірнеше мәрте кездесулер өткізді. Бүгін финалда спортшыларымыз Көкшетаудың «Арлан» командасымен 1-ші және2-ші орында үшін таласып жатыр. Мықтылардың жеңіске жетері белгілі.
РКС: Тартысты өткен жасөспірім хоккейшілер турнирі спорттың осынау түрінің ардагері Жанатбек Ғаббасов ағаларының рухын асқақтатты. Көкшетаудың «Арланы-2011» командасы жеңімпаз атанды. 2-ші орынды Целиноград ауданындағы «Родина» командасы еншіледі. «Құлагер-2011» хоккейшілері қола медальға ие болды. Сондай-ақ бірнеше жасөспірім хоккейші арнайы сыйлықтармен марапатталды. Осынау жарыстың ұйымдастырушысы облыстық спорттық шеберлік мектебінің директоры Аян Шөкенов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді алдағы уақытта ел чемпионаттарында жеңіс тұғырынан көретіндігіне сенім артты.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ