ДИКТОР: Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бейбітшілік пен этнос аралық достықты, ынтымақтастықты нығайту басым бағыттардың бірі екені сөзсіз. Бүгінде Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының құрамындағы этно-мәдени бірлестіктердің бірі-татар-башқұрт ұйымы.

РКС: Бірлестік өз жұмысын 1990 жылы наурыздың 17-і бастаған. Қазіргі таңда татар-башқұрт бірлестігінің құрамында 12-і адам бар. Ал облыста 17 мыңға жуық татар-башқұр өкілі тұрады. Бірлестіктің мақсаты - татар мен башқұрт халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын насихаттау, олардың тілін, тарихын, әдебиеті мен мен өнерін жас ұрпаққа жеткізу. Татар-башқұрт өкілдері мәдени орталықта аптасына бір рет жиналады. Онда жұмыс жоспары құрылады. Хуррия Фатхиеваның айтуынша, татар-башқұрт этномәдени бірлестігі оның жүрегінде ерекше орын алады. Себебі ол Ғалия-Бану ансамблі ашылған күннен бастап мәдени ұйымға мүше.

СНХ: ХУРРИЯ ФАТХИЕВА, ҒАЛИЯ-БАНУ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біз жұма сайын шараларға қатысып жүрдік. Күйеуіммен бірге ән айтып, көптеген қалаларға іс-сапарға шықтық. Республикалық Сабантойларға шақыртулар алдық. 2006 жылы зейнетке шықсам да бірлестікті тастаған емеспін. Мен Ғалия-Бану ансамблінің топ басшысымын. Біздің топ мүшелері негізінен егде жастағы адамдардан тұрады. Қазір біздің топқа 3 адам жаңадан қосылып жатыр. Біз оған қуаныштымыз. Біздің ұйымға барлықтарын шақырамыз, қабылдаймыз. Біздің татар-башқұрт ансамблі одан әрі гүлдене берсін. Барлықтарыңызға тілейтінім денсаулық, әлемде тыныштық болсын, халқымызды дәл осылай қолдап жүре берейік.

Интершум:

РКС: Ануза Урманова 2004 жылдан бері татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілі. Ол ән айтып, ұлттық киімдерінде би билеп, түрлі іс-шараға белсенді қатысады.

СНХ: АНУЗА УРМАНОВА, ҒАЛИЯ-БАНУ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ: Біздің бірлестік қаламызда өтетін барлық шараларға қатысып келеді. Ең үлкен біздің мереке бұл Сабантой. Татар-башқұрт бірлестігі жыл сайын табиғат аясында Сабантой өткізеді. Оған тек қала тұрғындары ғана емес, сондай-ақ ауылдардан да басқа қалалардан арнайы келеді. Біз Татар әндері атты кештер өткіземіз. Я люблю тебя Көкшетау, Чәк Чак Байраме сияқты шараларды да ұйымдастырамыз. Біздің халық өте қонақжай. 2008 жылдан бері мен Русская музыкаға қатысамын. Мен хормен де, ансамбльде де, кейде жалғыз өзім де ән айтамын.Сондай-ақ орыс тілінде, татар және қазақ тілінде ән айтамыз.

РКС: Сондай-ақ татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің Ғалия-Бану ансамблі осы жылдар аралығында көптеген марапаттарға ие болды. Бұл бірлестік өкілдерінің белсенділігі мен қажырлы еңбегінің арқасы.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ