ДИКТОР: Степногорск қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Жоба спорттық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі облыстық бағдарлама шеңберінде жүзеге асты. Алдағы уақытта енді бұл нысан өңірлік деңгейдегі жарыстарды өткізу алаңына айналмақ. Облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында жаңа нысанның жұмысымен танысып, сондай-ақ, бірқатар маңызды әлеуметтік нысандарды аралады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бір мезетте мыңға жуық спортшы оқу-жаттығу жасай алады. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов спорт кешенінің ашылуы бұқаралық спортты қолжетімді ететінін атап өтті. Нысанның құны екі миллиард теңгеден астам. Жалпы ауданы - 2,5 мың шаршы метрден асады.

СНХ: ДАРХАН ШОТАБАЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ: Блоктардан бөлінсек, бізде әр блокта 2 залдан болады. 1-ші блокта бізде ауыр атлетика жаттығу залы және футзал манеж бар. Және екінші қабатта бізде күрес залы мен бокс залы орналасқан. Инвентарь бәрі өзіміздің Қазақстанда шығарылған. Сапасы жоғары. Қазіргі заманға сай.

РКС: Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қол жетімді ортаны құру үшін де айрықша назар аударылған. Ойын спорт түрлерімен айналысуға арналған көпфункционалды залдар әр түрлі жастағы тұрғындарды қабылдауға дайын. Спорт кешені жұмысын бастап кетті. Қазір мұнда ауыр атлеттер, боксшылар, балуандар мен балалар футбол командасы жаттығуда.

СНХ:ЕРНАР ҚАРАМАНОВ, КҮРЕСТЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Біздің осы залымызда атмосфера бар деп айтуға болады. Әлем чемпионы болсын, Нұрқожа Қайпанов, Ризабек Айтмұқан секілді. Осы залдан бізден үлкен жетістіктер, чемпиондар шыға берсін болащақта. Әлем чемпион болсын. Біздің еліміздің осылай әрқашан да туын көтере берсін.

РКС: Степногорск қаласына жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Марат Ахметжанов Тау-кен техникалық колледжіне барды. Колледж 30 жылдан астам уақыт бойы тау-кен және энергетика саласына жұмысшы мамандарды даярлап келеді. Қазір мұнда 10 мамандық бойынша 500-ден астам студент білім алады. Зертхана жабдықтары өндірістегі зертхананың жұмысына сай жарақтандырылған.

СНХ:ЕЛЕНА ТАРАСОВА, ТАУ-КЕН ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Студенттер тәжірибеге негізделген білім алады. Бүгінде олардың шамамен 41 проценті нысаналы шарт бойынша оқиды. Яғни, оқуды тәмамдаған соң жұмысқа орналасу мүмкіндігі болады. Бүгінде 126 – ға жуық шарт бойынша жұмыс істейміз, сондай-ақ, дуальды оқыту жүйесі де бар. Басты міндет – өндіріске қажетті кәсіби білікті мамандар даярлау. Сол себепті барлық бағдарламалар жұмыс берушілермен келісім-шарт арқылы жүзеге асады.

РКС: Колледж түлектерінің 80 проценттен астамы еш қиындықсыз жұмысқа орналасады. Бұл өз кезегінде жұмысшы мамандықтарының жоғары дайындығы мен еңбек нарығындағы сұранысын көрсетеді. Колледж түлектерінің үштен бірі жоғары білім алады. Марат Ахметжанов оқуды жалғастырғысы келетін колледж түлектері үшін атаулы гранттар берілетінін атап өтті. Сапар барысында өңір басшылары Степногорск көпсалалы ауруханасының күрделі жөндеуімен танысты. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде қаржыландырылды. Аурухана тәулік бойы жұмыс істейтін 246 төсек-орынға шақталған. Сондай-ақ, 24 күндізгі стационарға арналған төсек-орын да бар. Мұнда Степногорск қаласының және жақын маңдағы елді-мекендердің 40 мыңнан астам тұрғынына медициналық көмек көрсетіледі. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін блоктарда ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды. Инженерлік коммуникациялар да ішінара жаңартылды.

СНХ:ТОҚТАР ҚОҢЫРБАЕВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ: Біздің ауруханамыз былтыр 40-қа толды. Сол 40 жылдың ішінде алғашқы ремонт. Капремонт бірінші рет жасалып отыр. 427 миллион ақша бөлінді капремонтқа. 229 миллионы 2024 жылы жұмыс істелінді. Қалған 135 миллионды осы 2025 жылы жалғастырып, бітіреміз деп отырмыз. Жазға қарай. Өйткені қазір қыста жылу, су және канализация жұмыстарын өткізуге болмайды. Салқын болғасын. 2 миллиардтай ақша бөлініп, жабдықтар алынды.

РКС: Медициналық мекемені қайта жаңарту науқастар мен медициналық персонал үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қызмет көрсету көлемін 162 мың адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жақын арада Ақкөл, Бұланды, Шортанды, сондай-ақ Біржан сал ауданының тұрғындары үшін білікті медициналық көмек көрсетіле бастайды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ