ДИКТОР: Қазір Ақмола облысындағы жоғары оқу орындарында 48 мыңнан астам студент оқиды. Олар үшін стипендия түріндегі ақшалай жәрдемақы да қарастырылған. Биыл төлем мөлшері тағы 20 процентке дейін ұлғайтылады. Мемлекет білікті кадрларды даярлауға мүдделі. Мыңдаған мектеп түлегі тегін жоғары білім алуға мүмкіндік алып отыр. Жастар үшін тағы қандай қолдау шаралары қарастырылған? Тілші баяндайды.
РКС: Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдан бастап стипендияларды арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. 1 қыркүйектен бастап жоғары оқу орны мен колледж студенттеріне төлемдер екі есе, магистранттар мен докторанттарға – 1,75 есе көтеріледі. Материалдық қолдау білім алуға көңіл бөлуге және академиялық, ғылыми салаларда өзін көрсетуге көмектеседі, - дейді студенттер.
СНХ: ТАМИЛА ЖАБАСОВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Менің ойымша, стипендия көтеру арқылы мемлекеттің қолдауы студенттер үшін маңызды қолдау болып табылады. Біз өзіміздің әлеуметтік, ғылыми жобаларымызды іске асыру үшін қаражатты пайдалана отырып, негізгі қажеттіліктерімізді жабуға құқығымыз бар.
СНХ: ДАНА ЕСЕМБАЕВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мемлекетке 107 000 теңгені құрайтын стипендия түріндегі қолдауы үшін алғыс айтамын. Бұл үлкен көмек және әрі қарай оқуға ынталандыра отырып, жақсы баға алуға да әсері мол.
РКС: Студенттер үшін маңызды қолдаудың бірі жатақханамен қамтамасыз ету. Мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа студенттік үйлер салынып, қолданыстағы жатақханалар жаңғыртылуда.
СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Жаңа жылдың алдында университет 500 орынға шақталған екі жатақхананы пайдалануға берді. Қаңтардың 20-сы кезінде студенттер демалыстан келген соң қоныстанады. Жаңа жатақханалар тұру үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілген. Бұрынғы сияқты дәліз,секциялық түрде емес, пәтер ретінде салынған.
РКС: Жаңа жатақханада акт залы мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандар да қарастырылған. Университет басшылығы бүгінгі таңда барлық студенттер үшін тұрғылықты жерлерге деген қажеттілік толығымен жойылғанын атап өтті. Айта кету керек, жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында Қазақстанда жыл сайын жатақханаларда 10 мың орынды пайдалануға беру жоспарлануда.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.