ДИКТОР: Целиноград ауданында «Қоянды Южная» қосалқы станциясында жөндеу-қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталды. Ол өз кезегінде 30 мыңнан астам абонентті жарықпен үздіксіз қамтамасыз етпек. Облыс әкімі Марат Ахметжанов желіні жаңғыртудың қорытындысымен танысты. Айта кету керек, бұл жобаның аяқталуы тек Целиноград ауданының ғана емес, көршілес Аршалы мен Шортанды аудандарының тұрғындарын да электрмен тұрақты жабдықтауға мүмкіндік беріп отыр.

РКС: Олардың қатарында Қоянды, Аққайың, Шұбар, Софиевка, Ақжар, Опан елдімекендері бар. Қуаттылығы 1 мегаваттық ескі қосалқы станция жергілікті тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ете алмаған еді. Соңғы екі жыл бойы трансформатордың жиі істен шығуынан электр энергиясы іркіліспен беріліп келді.

СНХ: АЛЕКСАНДР ПАВЛОВ, «АРЭК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Бұл елдімекеннің белсенді дамуына және халық санының артуынаң әлеуметтік нысандардың көбеюіне байланысты қуаттылықты ұлғайту қажеттілігі пайда болды. Желілер мен трансформаторлық қосалқы станцияларды бөлдік. Тіпті сөніп қалған жағдайда, мейлінше аз абоненттің электр энергиясынан шектелгеніне мән беріліп отыр.

РКС: Жаңғырту бағдарламасы бойынша күштік жаңа тарнсформатор мен вакуумды ұяшықтар орнатылған. Тарату-реттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ең алдымен электрмен қамтамасыз етудің тәуекелін мейлінше қысқартты. «Қоянды Южная» қосалқы станциясын жаңғыртуды аяқтау аумақтың одан әрі дамуына жағдай жасады.

СНХ: АЛЕКСАНДР ПАВЛОВ, «АРЭК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Бір жыл көлемінде техникалық шарттар берген жоқпыз, өйткені, оған мүмкіндігіміз болмады. Қуаттылықтың жетіспеушілігінен заңды тұлғаларға бере алмадық. Зауыттар да қосыла алмады. Қазір 15 мегаватт қорымыз бар. Сәйкесінше жайлы мектепті қосалқы станцияға қоса аламыз. Білім ошағы 1 мегаватт қана алады. Өзге де тұтынушыларды қосуға мүмкіндігіміз бар.

РКС: Аймақ басшысы өңірдің тұрақты дамуы үшін энергетикалық инфрақұрылым нысандарын жаңалаудың маңыздылығын атап өтті. «Заманауи энерго жүйе экономиканың дамуы мен азаматтардың жайлы өмірінің негізі», – деді Марат Ахметжанов. Аймақта мұндай жобаларды жүзеге асыруға ерекше басымдық берілмек. Өйткені, ол ең алдымен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды роль атқарады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ