ДИКТОР: Биыл облыс аумағында тамақтан жаппай уланудың 3 жағдайы тіркелді. 34 адам бір мезетте уланған. Оның 25-і бала.
РКС: Биыл Щучинск санаторийі кентінің «Тұмар» демалыс базасында 17 баланың тамақтан уланғаны тіркелді. Тексеру барысында бас аспазшы мен көмекші аспазшыдан сары түсті стафилококк анықталды.
СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Осы нысандарды тексеру барысында өндірісте гигиенаны, адамдардың үздіксіз келуін сақтамау сынды ережелердің бұзылғаны белгілі болды. Қызметкерлер мдициналық тексеруден өтпеген. Тамақ істеу орындарында жұмыс істеуге берілетін рұқсат құжаттары жоқ болып шықты. Әр нысан бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
РКС: Сарапшылар тағамнан улану оның құрамында химиялық, өсімдік немесе жануардың уы бар асты немесе суды тұтыну нәтижесінде пайда болатынын атап өтеді.
СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Сүт, шұжық, жұмыртқа, кондитерлік өнімдері аса қауіпті азық-түлікке жатады. Үйде консервіленген өнімдер ботулизмнің пайда болуына себепкер. Өйткені көп ретте өнімдер термиялық өңдеуден дұрыс өткізілмейді.
РКС: Клиникалық нышандарының ерекшеліктері микробтың немесе токсиннің түріне, қабылданған тағамның мөлшеріне, ағзаның жай-күйіне байланысты болады. Бірақ, мамандар уланудың бірқатар типтік белгісінің бар екенін айтады. Адамның дене қызуы 37-ден 40 градусқа дейін көтеріліп, тәбеті жоғалады. Денесінде әлсіздік пайда болып, жүрегі айнуы мүмкін. Қан қысымы да біршама түсіп кетуі ықтимал.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.