ДИКТОР: Мереке жақындаған сайын жазатайым оқиғалардың қаупі де арта түседі. Аймақтағы жедел әрекет ету қызметтері Жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері пиротехникалық заттарды сатуға рұқсат етілмеген сауда орындарына 90-ға жуық рейд жүргізді. Оның қорытындысы бойынша 300-ге жуық заң бұзушылық анықталды. Заңсыз сатқандарға салынатын айыппұлдың көлеміде қомақты. 1 миллион 750 мың теңге. 40-қа жуық сауда нысанына әкімшілік хаттама толтырылды.

РКС: Офицерлер құрамасынан жедел 20 топ құрылды. Яғни, мерекелік шараларда 100-ден астам құтқарушы болады деген сөз. Бірлескен өрт-тактикалық 4 оқу-жаттығуы өткізілді. Оның қорытындысына сәйкес 300-ден астам жедел жоспар және нысандарда өрт сөндірудің картасы түзетілді.

СНХ: ЕРЖАН ҒАББАС, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Департамент есебінде жаңа жылдық іс-шараларды өткізу бойынша 544 нысан бекітілген. Олардың 446-ы білім беру, 34-і мәдени, 6-ы ойын-сауық орталықтары, 14 орталық алаң және 41 кафе мен мейрамхана бар. Инженерлік-инспекторлық құрам жоғарыда аталған объектілер бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәніне көзбен шолып тексеру жүргізді, онда өрт қауіпсіздігі талаптарының 154-ке жуық бұзушылықтары анықталды, олар жергілікті жерде жойылды.

РКС: Мамандар ақмолалықтарды жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Құтқарушылар бұқаралық ақпарат құралдарында 400-ден астам үгіт жұмыстарын жариялады. Бұдан бөлек, облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында дөңгелек үстел басындағы кездесу өтті. Онда кәсіпкерлер толғандырған сұрақтарын қойып, бірқатар ұсыныс алды.

СНХ: ЕРЖАН ҒАББАС, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Шыршаны жылыту құрылғылары мен тез тұтанғыш элементтерінен мүмкіндігінше алыс орнату қажеттігін тағы да еске саламыз. Екіншіден, оны мықтап бекіту қажет. Әлдебір оқыс оқиға орын ауы ықтимал жағдайды да ескеру керек. Сондықтан ғимараттан шығатын жерлерді бос қалдырған абзал. Шыршаны кәдімгі тұтандыратын майшаммен безендірмеу қажет. Тек зауытта жасалған электр гирляндаларын пайдаланған жөн. Сапа сертификаты мен нұсқаулығы жоқ пиротехникалық бұйымдарды сатып алмауға тырысу керек.

РКС: Жыл сайын облыс аумағында пиротехникалық заттардың кесірінен өрт оқиғалары орын алады. Құтқарушылар мерекенің салдары өзгелер үшін де қасірет әкелуі мүмкін екенін айтады. Дәл осы кезеңде өрт қауіпсіздігі туралы естен шығармаған жөн.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ