ДИКТОР: Зеренді ауданында халықтың тұрмыс сапасын арттырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін бірқатар маңызды нысанның құрылысы қолға алынды. Аталған жобалардың барысымен өңір басшысы Марат Ахметжанов арнайы танысып, құрылыс алаңдарын аралап шықты.
РКС: Аудан орталығында бой көтеріп жатқан балалар мен жасөспірімдерге арналған заманауи спорт мектебі - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен бой көтеруде. Бұл - еліміздегі алғашқы әлеуметтік жобаның бірі. Қазір құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Нысанды шілде айының ортасында пайдалануға беру көзделіп отыр.
СНХ: АЛМАС СӘЛІМ, БАС МЕРДІГЕР ҰЙЫМЫНЫҢ УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Қазір кірпіштен негізгі қабырғалары қаланды. Ғимарат ішінде әрлеу жұмыстары, еденге керамикалық плитка төсеу жүргізілуде. Нысан аумағында барлық ғимаратқа сыртқы инженерлік желілер - кәріз және су құбыры тартылды. Сыртқа жарық тартылып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 64 адам, арнайы 11 техника жұмылдырылған.
РКС: Зеренді ауылында салынып жатқан тарихи-өлкетану мұражайы - жергілікті тұрғындар үшін рухани-мәдени орталық болмақ. Қазір мұражайдың іргетасы құйылып, гидро және жылу оқшаулау жұмыстары толық аяқталған. Құрылыс алаңында су құбыры мен кәріз желілерін тарту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Сондай-ақ, Ілиясов көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. 3840 шаршы метрлік 75 пәтерлі бұл баспана аудандағы тұрғын үй тапшылығын азайтуға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік бермек.
ИНТЕРШУМ: Қазір ана жерде көріп тұрғандарыңыздай площадка бар, материалдармен, бір-екі аптада 100 пайыз барлық материал болады. Қазір фундаменттерін құйдық, енді үш күн тосамыз. Содан кейін монтаж жұмысын бастаймыз.
- Как раз ана жақ босайды, сонда материалдарды осында алып келіңдер. Қашан аяқтайсыңдар?
-Алла жазса, енді октябрьда планируем тапсырамыз деп
- Жақсы, как раз на день Республики да?
-Да
РКС: Зеренді ауданында жүзеге асып жатқан бұл жобалар – жай ғана құрылыс емес, ел болашағына салынған инвестиция. Әлеуметтік нысандар ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік, мәдени және спорттық әлеуетін көтеруге жол ашады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ