ДИКТОР: Көкшетау-Атбасар автожолын кеңейту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл Қазақстан бойынша алғашқы үш жолақты реверсивті жол болмақ. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты. Әріптесім Сания Есімсейітова баяндайды.
РКС: Облыс аумағында автожолдарды орташа жөндеу жұмыстары қарқын алды. Жауапты мекеме өкілдерінің мәліметінше, биыл 17 нысан жөндеуден өтеді. Оның ішінде 13 учаскеде жол төсемін жаңарту және қалпына келтіруге қатысты құрылыс-монтаж жұмыстары басталған. Жөнделуге тиісті жол ұзындығы 546 шақырым. Былтыр соның 154 шақырымы жол жөнделді, ал биыл 392 шақырымын аяқтау жоспарланып отыр. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов бұл жұмысты қатаң бақылауға алып, мердігерге жөндеу жұмыстарын уақытылы тапсыруды міндеттеді.
ИНТЕРШУМ: Берілген қаражат бар, неге бастамайсыздар?
-Бастаймыз, аванстар бердік наурыз айында.
-Мен саған сразу айттым ғой, жұмыстың бастауына ешқандай кедергі болмасын. Қаржыландыру, барлық керегін бер. Когда начнете тогда?
- Ну сейчас уже ведутся пучинистые места ремонтируются
- давайте, есть субподряд взяли да? Кого взяли?
- да, "Тас" компания, в принципе опытная компания.
-Давай Бақыт Жомартұлы, если не начнете мы Вам найдем подрядчика.
СНХ: НҰРЖАН ЖҰҚАБЕТОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Орташа жөндеу жұмыстары кезінде ойық жерлер жабылып, екі қабатты асфальт-бетон жабындысын төселеді. Сонымен бірге жол жиегі мен еңістер де қалпына келтіріледі. Сондай-ақ жол белгілері орнатылып, жол таңбаларын сызылады. Бұл жолда Қазақстанда алғаш рет үш жолақты қозғалыс енгізілуде. Жоба екі учаскеден тұрады. 10-шы шақырымнан бастап Зеренді бағытына қарай ұзындығы 23 шақырымнан асатын екі жолақты қозғалыс болады. Ал 44-ші шақырымнан бастап Көкшетау бағытына қарай 12 шақырым бойы екі жолақты қозғалыс енгізіледі.
РКС: Құрылысқа 26 техника мен 16 жұмысшы жұмылдырылған. Жоба қараша айында аяқталуы тиіс. Мердігер ұйым мерзімінен бұрын аяқтаймыз деп отыр.
СНХ: АРМАН ӘМРИН, "CAPITAL GROUP" КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУШЫСЫ: Көкшетау-Атбасар автомобиль жолының бөлігі 26 шақырым. Мердігер ұйым - "Көкшетауавтодор" серіктестігі. Тапсырыс беруші - "ҚазАвтоЖол" компаниясы. Бүгінгі күнге дейін 12 шақырымға асфальт-бетонның төменгі қабаты төселді.
РКС: Жол құрылысы толығымен аяқталғаннан кейін, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік полициясы басқармасымен бірлескен жұмыстар жүзеге асырылады. Бұл кезеңде жол таңбалары салынып, заманауи жол белгілері орнатылмақ.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ