ДИКТОР: Бүгін - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Атаулы күнге орай Көкшетауда арнайы салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиын барысында қоршаған ортаны қорғау ісіне сүбелі үлес қосқан эколог мамандар мен табиғат жанашырлары марапатталды.

РКС: Салтанатты шара барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан барша табиғат жанашырларын кәсіби мерекемен құттықтап, олардың атқарып жүрген еңбегінің қоғам үшін аса маңызды екенін ерекше атап өтті.

СНХ: МҰРАТ БАЛПАН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың және өз атыман сіздерді кәсіби мерекемен – экологтар күнімен және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтаймын! Бұл мереке мамандыққа деген құрмет қана емес, бұл сіздің жұмысыңыздың бүкіл қоғам үшін орасан зор маңыздылығын мойындау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев атап өткендей, табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы бар іс.

РКС: Айта кетейік, бүгінде өңірде экология саласында тындырымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде 200-ден астам экологиялық акция ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, 113 мың тонна қоқыс жиналып, 22 мың гектар аумақ тазартылған.

СНХ: КҮЛӘШ РАХИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Бүгін халықаралық қауымдастық 5-ші маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтуде. Қазақстанда бұл мереке 2011 жылдан бастап аталып келеді. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экомәдениет тұжырымдамасын бекітті. Осы тұжырымдама аясында Ақмола облысы бойынша ауқымды экологиялық акциялар өткізілуде. Мұндай шаралардың өткізілуі өте маңызды, сондықтан барша ақмолалықтарды осындай тазалық акцияларына қатысуға шақырамын. Барлық әріптесімді кәсіби мерекемен құттықтаймын! Қоршаған ортаны қорғау жолында көздеген мақсатымызға жетейік!

РКС: Шара барысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық бастамаларды дамытуға елеулі үлес қосқан экология саласының ардагерлері мен қызметкерлері «Еңбек ардагері», «Экология саласының үздігі» , экология және табиғи ресурстарды қорғау министрінің Құрмет грамотасы, сондай-ақ Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: НҰРЖАН ЕРНИЯЗОВ, ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫНЫҢ ИЕГЕРІ Баршаңызды осы Дүниежүзілік экология күнімен құттықтаймын! Қоршаған ортаны қорғау - бұл өте маңызды. Ең бірінші байлық - денсаулық дейді ғой. Ал ол - осы қоршаған ортаға байланысты деп ойлаймын. Өзім бұл мамандықта істеп жүргеніме 20 жылдай болып қалды. Қазір жалпы көп шаралар атқарылып жатыр экология саласында.

ДЛЯ РУСС РЕД: СНХ: ӘСЕМГҮЛ МАҒАУИНА, «ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ: Хочу выразить огромную благодарность министру экологий и природных ресурсов Республики Казахстан, за доверие, за такой медаль, который дает мне в дальнейшем шанс показать себя в дальнейшей работе в сфере экологий. В данной сфере я работаю 16 лет. Всех поздравляю с праздником, с всемирным днем экологий!

РКС: Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

ИНТЕРШУМ:

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ