ДИКТОР: Бұланды ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел экономикасын нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тапсырмалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мәселен, ауданның басты даму бағыты – аграрлық сектор. Бұл салада былтыр ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 134,5 миллиард теңгеге жеткен. Ауданның өсімдік шаруашылығының көрсеткіші де өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудан әкімі Ардақ Смайылов арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында мәлімдеді.

РКС: Ал мал шаруашылығы саласына келетін болсақ, бұл бағытта 90,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Алайда бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11 процентке төмен. Оған Макинск құс фабрикасындағы өндірістің уақытша азаюы себеп болған. Соған қарамастан, фабрика 68,9 миллиард теңгеге өнім өндіріп, 61 мың тоннадан астам құс еті мен 10,6 мың тонна жартылай фабрикат шығарды. Ауданда өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 113,9 миллиард теңгеге жетіп, белсенді дамып келеді. Инвестиция тарту - аудан дамуының негізгі бағыттарының бірі. Бұл бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Мәселен, аудан экономикасына 18,6 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, жаңа кәсіпорындар ашуға және жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік саласында да оң серпін байқалады.

СНХ:АРДАҚ СМАЙЫЛОВ, БУЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Биыл 1826 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Былтыр бөлшек сауда көлемі 10,6 млрд теңгеге жетті. Жаңа бөлшек сауда желісінің қызметі тұрақты өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Бұған өткен жылы бірқатар жаңа сауда нысандарының ашылуы әсер етті.

РКС: Сондай-ақ, ауданда құрылыс саласы қарқынды дамуда. Вознесенка және Никольское ауылдарында 200 орынға шақталған мәдениет ошағы бой көтерсе, Вознесенка ауылында жаңа көпір салынды. Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 114 үйдің құрылысы басталып, 13,2 мың шаршы метр баспана ел игілігіне берілді. Су тасқынынан зардап шеккен 72 үй иесіне 23,8 млн теңге көлемінде көмек көрсетіліп, құрылыс материалдары таратылды.

СНХ: АРДАҚ СМАЙЫЛОВ, БУЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 13,2 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп, Бұланды ауданы облыс бойынша 5-ші орынға шықты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 процентке жоғары. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға баспана салу өңірдегі әлеуметтік жағдайдың жақсаруына ықпал еткен негізгі фактор.

РКС: Макинск қаласында су жүйесін жаңартуға қатысты жұмыс қарқынды. Қала аумағында өткен жылы 45 шақырым су желісі жаңартылып, осы бағыттағы жұмыстар белсенді түрде жалғасуда. Бұл жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ