ДИКТОР: Несие қарызын төлеу, пәтер кезегіне тұру, әлеуметтік қорғау мен инфрақұрылымды дамыту. «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтар осы және өһзге де сауалдар бойынша кеңес ала алады. «AMANAT» партиясының өкілдері «Новопэк» кәсіпорнының қызметкерлеріне көшпелі құқықтық акция ұйымдастырды.
РКС: Кәсіпорынның 10-нан астам қызметкері құқықтық мәселелерге қатысты тегін кеңес алды. Мамандар алимент төлеу және өндіріп алу, банктік есепшоттарды бұғаттаудан шығару, мүлікті рәсімдеуге қатысты мәселелерді түсіндірді. Заңдық тұрғыдан өзекті тақырыптар қозғалды. Көшпелі қабылдауға жазылғандар бейінді органдарға бармай-ақ жұмыс орнында тегін құқықтық көмек алды.
СНХ: ТОТЫ БЕРЛІБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ: Ақмола облысы Әділет департаменті бүгін облыстық «АМАНАТ» партиясымен бірлесіп, жеке нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат және басқа да мемлекеттік органдармен «Новопэк» кәсіпорнында азаматтарды құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша тағы да басқа мәселелермен қабылдау өткізіп жатыр. Қабылдау барысында азаматтарға бірқатар банк шоттарына тыйым салу, кредит төлемі салдарынан болған банк шоттарына тыйым салу, оларды алып тастау мәселелері бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр.
РКС: «Құқықтық көмек» жобасы «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылуда. Оның басты мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және білікті заң көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз ету. Тұрғылықты жеріне немесе жұмысына қарамастан әр азамат кәсіби кеңес алуы тиіс.
СНХ: ҚЫМБАТ ІЛИЯСОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ: Құқықтық көмек бұл «Аманат» партиясының халыққа тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба. Бүгін біз Көкшетау қаласындағы ірі бастауыш партия ұйымының ұжымымен кездестік. Бұл жобаның басты мақсаты еліміздің әрбір азаматына, әсіресе әлеуметтік осал топтарға құқықтық көмек көрсету.Осы құқықтық көмек партиялық жобасының жобасы аясында халыққа, бізге білікті мамандар, юристер, медиаторлар.
РКС: Азаматтарды көшпелі қабылдау облыстың барлық ауданын қамтиды. Бұл ең алдымен шалғайдағы елдемекен тұрғындары үшін білікті құқықтық көмек көрсетуге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Мұндай қабылдаулар Макинск қаласында және Бұланды ауданының Қараөзек ауылдарында табысты өтті.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ