ДИКТОР: Атбасар ауданына қарасты Тельман ауылының тұрғындары елдімекен округінің әкімінің үстінен ұжымдық арыз жазды. Түсініктеме материалдарында әкімнің ауылдастарынан жүйелі түрде қарызға ақша алатыны көрсетілген. Олардың атына несие рәсімдеген. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларының бұзылған дерегі де анықталды. Ауыл округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды.
РКС: Тұрғындардың шағымы көп. Халықпен дөрекі сөйлеседі, бейәдеп сөз айтып, қоқан-лоққы көрсету фактілерін ауылдастары алға тартуда. Тұрғындар қызметтік әдепті сақтамайтынынн дәлелдейтін аудио және бейнематериалдарды ұсынды.
СНХ: ӘНУАР ТИЕСОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Көрсетілген шағымға байланысты полиция бөлімі тексеріс жүргізді. Оның барысында Тельман ауылының 31 тұрғынынан жазбаша түсініктеме талап етілді. Олар әкімнің ауыл тұрғындарынан қарызға ақша алатынын, осылайша жүйелі түрде әдеп кодексінің нормаларын бұзатынын жазған. Бұдан бөлек, оның Тельман ауылдық округінің әкімі ретінде тұрғындармен өзара әрекет кезінде қызметтік әдепті бұзатыны белгілі болды. Аудио және бейнежазба жазылған.
РКС: Сондай-ақ тергеу барысында ауыл әкімі елдімекеннің тұрғындарына жергілікті дүкендегі қарыздарын қайтару туралы да хабарлама жібергені анықталды. Әкім дүкеннің иесі қызы екенін, оның Астанада тұратынын түсіндірді. Тұрғындардың қарызды қайтару туралы өтінішін аяқсыз қалдыруына байланысты ол әкім ретінде емес, кәсіпкердің анасы ретінде жазғанын айтты.
СНХ: ӘНУАР ТИЕСОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметтеріне сәйкес 2005-ші-20022 жылдар аралығында Атбасар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрған. Істегі бар материалдар мемлекеттік қызметші әрі лауазымды тұлға бола тұра коммерциялық нысанның қызметін ұйымдастыруға және басқаруға қатысқанын дәлелдейді.
РКС: Бұдан бөлек, әкім 27 жыл бойы азаматтық некеде тұрған жұбайын мемлекеттік органға қызметке қабылдаған. Екеуінің ортақ үш қызы бар. Материалдарды қарау қорытындысы бойынша әдеп кеңесі оны мемлекеттік лауазымынан босату түрінде тәртіптік шара қолдану туралы ұсыныс енгізуге шешім шығарды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.