ДИКТОР: Халықаралық қоршаған ортаны қорғау және экологтар күніне орай «Жасыл ел» жастар экологиялық қозғалысы жаңа еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға қаланың белсенділері қатысты.

РКС: Көкшетаудың эковолонтерлері, «Жасыл ел» қозғалысының қатысушылары Ту тұғырында, Бұқпа тауының биігіне жиналып, іс-шараны салтанатты түрде бастады.

СНХ: БЕКСҰЛТАН ТЕМІРБОЛАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл іс-шараның маңыздылығы өте зор. Өскелең ұрпақта, жастарда қоршаған ортаны сақтауда, ластамауға мәдениетті өсіру болып табылады. Жалпы осы іс-шараға 500-ге жуық адам қатысуда. Оның ішінде еріктілеріміз, «Жасыл елдің» экоқозғалысының еріктілері барлығы осы іс-шарада. Көкшетау қаласында қоршаған ортаға тазалауға, қоршаған ортаны дұрыс ұстауға өте үлкен көңіл бөлінуге. Қала әкімі Әнуар Қайыркелдіұлы Күмпекеевтің бастамасымен 2 ай бұрын плоггинг басталған. Осы іс-шаралар соның жалғасы деп білеміз.

РКС: Іс-шара барысында белсенді жастарға эковолонтер және «Жасыл ел» қозғалысының үйлестірушісі куәлігі табысталды. Салтанатты іс-шара ән шашумен жалғасты.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: НҰРБОЛ ИСМАНОВ, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Бүгін маңызды іс-шара. «Жасыл ел» қозғалысы еңбек маусымының ашылуы. Маусым мен шілде, осы 2 айдың ішінде біз қаламызды, жолдар мен табиғат аумақтарын тазалаймыз. Осылайша жастарды табиғатты және біздің экологиямызды құрметтеуге шақырамыз. «Жасыл ел» қозғалысының бір бөлігі болғанымызға қуаныштымын.

РКС: Кейін жастар Бұқпа тауының үстіндегі қоқысты жинауға шықты. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың табиғатты және экологияны қорғауға қызықтырады, - дейді ұйымдастырушылар.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.