ДИКТОР: Өңірде ресми түрде жазғы туристік маусым ашылды. Шучинск-Бурабай курортты аймағы бір миллионнан астам турист қабылдауды жоспарлап отыр. Маусымның ашылуына орай Бурабайдың төрінде «SUMMER BURAVIBE-2025» фестивалі өтті. Оған екі мыңға жуық қатысушылар мен көрермен жиналды.
РКС: Енді демалушылар үшін тікұшақпен экскурсиялар ұйымдастырылып, курорттық аймақтың сұлулығын аспан биігінен тамашалауға мүмкіндік бар. Бұл жоба алғаш рет былтыр Ақмола облысының әкімінің қолдауымен қолға алынған.
СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін сүйінші хабар. Жазғы сезонды біз әдемі бір іс-шарамен бастап жатырмыз. Былтырғы тікұшақ экскурсиялық турды бастаған едік. Соны біз жалғасын тауып, осы жекеменшік компания осы жерде туристерге, шетелдік болсын, қазақстандық туристер болсын, тікұшақпен бүкіл Бурабай қорының сұлулығын көре алатындай жағдай жасап жатырмыз. Осы экскурсиялық тур тікұшақпен 20 минутқа арналған тур болып саналады. Халық соны қызықтыруға дайын. Бұл бірінші рет тарихта, Бурабай қорығында мұндай қызмет болмаған. Сондықтан да Марат Мұратұлы Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі осындай үлкен сый ретінде жазғы сезонда ашу ретінде осындай іс-шараға қол жеткізіп отыр.
РКС: Курортты аймақтың тағы бір локациясында қазақстандық өнер жұлдыздарының қатысуымен ашық аспан астында керемет кеш ұйымдастырылды. Мұндай шара жазғы туристік маусым бойы өткізілмек. Әр ай сайын ашық аспан астындағы мерекелік кештер, ірі спорттық шаралар ұйымдастырмақшымыз,-дейді туристік саланың басшылары.
СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бурабай курортты аймағы туристер үшін әсем табиғатымен, тау-тасыымен, орманымен, өзен-көлдерімен тартымды екені даусыз. Бұдан бөлек, бұл жерге келушілер таза ауада демалумен қатар, көңіл көтергісі де келеді. Жергілікті атқарушы билік органы ретінде біз бизнес өкілдерімен бірлесіп осындай жұмыстар атқарып жатырмыз. Биыл Бурабай курортты аймағын ұнататындар үшін естен кетпес әсерлі сәттер сыйлатынымызды айтқым келеді. Биылғы жаз шынымен есте қалады.
РКС: Фестивальдің негізгі бөлігінде танымал артистер мен өнер ұжымдары сахна төріне шықты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан олимпаиадалық дааярлау орталығында ине шаншар жер жоқ. Көрерменнің көңілі көтеріңкі. Бірге ән шырқап, бірге билеп, мерекелік көңіл күй орнатты.
СНХ: ҮМІТ РАҚЫМЖАНОВА, КОНЦЕРТТІ ТАМАШАЛАУШЫ: Қазақстандық әншілердің өнерін тамашалау үшін келдім. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Барлық жұмысымды ысырып тастап, әншілердің өнерін жанды дауыста тыңдағым келді. Ауа райының қолайсыздығы көңіл күйге еш кері әсер етіп жатқан жоқ.
СНХ: МАХАББАТ ЖЕҢІСОВА, КОНЦЕРТТІ ТАМАШАЛАУШЫ: Ауа райының жауынды-шашынды болғанына қарамастан, көңіл-күй керемет. Өте жақсы ұйымдастырылған шара. Бәрі керемет. Көңілімнен шығып жатыр. Жаңбырдан қорғанатын арнайы киім киіп алған бәрі. Гетто Догстың өнерін тамашалау үшін арнайы келдім. Еш өкінбеймін.
РКС: Фестиваль жазғы маусымның ашылу салтанатына орайластырылған нағыз өнер мерекесіне айналды.
ИНТЕРШУМ:
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ