ДИКТОР: Қазақстан — бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан 130-дан астам этнос өкілі бар көпұлтты мемлекет. Елдегі ұлтаралық диалог пен қоғамдық келісімді нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясы басты алаң ретінде маңызды рөл атқарады. Ол азаматтық қоғамды дамытуға, мәдени мұраны сақтауға және ел бірлігін нығайтуға зор үлес қосып келеді.

РКС: Соңғы үш онжылдықта Ассамблея түрлі мәдениет, тіл және дәстүр өкілдері арасындағы ашық диалогтың маңызды алаңына айналды. Ол заң жобаларын әзірлеуге, қоғамдық бастамаларды іске асыруға белсене қатысып келеді. Сондай-ақ ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ауқымды мәдени іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып отырады.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту - біздің мемлекеттік саясатымыздың басты бағыттарының бірі болып қала бермек. Қазақстанда келісім, төзімділік пен достық - бұл ұран емес, ел азаматтарының күнделікті тұрмысының мәні.

Қазақстанда ешқашан этникалық, тілдік немесе діни ерекшеліктерге байланысты кемсітушілік болмаған. Барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер қамтамасыз етілген. Осыған шынайы әділеттілік негізделеді және бұл — Әділ мемлекет тұжырымдамасының негізгі қағидаты.

РКС: Қазақстан халқы Ассамблеясы өзін қоғамдық келісім мен ұлтаралық бейбітшілікті нығайтудың маңызды құралы ретінде танытты. Бүгінде өңірде түрлі этнос өкілдерінен тұратын шамамен 800 мың адам бар, оның ішінде 200 мыңнан астамы орыс тілді тұрғындар. «Ассамблея – түрлі ұлт өкілдерінің басын бір шаңырақ астына біріктірген орын», - дейді «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары.

СНХ: ВЕРОНИКА АНТИПОВА, «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ОРЫС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тәуелсіздік алған күннен бастап еліміздің ең үлкен мақтанышы - 130-дан астам ұлт арасындағы бейбітшілік пен бірлік деп есептеймін. Менің ойымша, Ассамблеяның басты міндеттерінің бірі -осы бейбітшілік пен келісімді сақтап қалу.

РКС: Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы - тек қоғамдық орган ғана емес, ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайтудағы маңызды институт. Әр облыс орталығында Достық үйлері жұмыс істеп, этномәдени бірлестіктер өз қызметін атқарады. Сондай-ақ, түрлі фестивальдер, кездесулер, дәрістер мен семинарлар тұрақты түрде ұйымдастырылып, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты арттыруға бағытталған маңызды шаралар өткізіледі.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ