ДИКТОР: Бурабай ауданында қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және реновациялауға қатысты ауқымды бағдарлама жалғасуда. Щучинск қаласы қазір ерекше түрленген. Мұнда тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қаланың инвестициялық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды өзгерістер басталды. Бұл шаһарда вокзал мен оның аумағы жаңартылып, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйлер салынуда.
РКС: Реновация тек Кокшетауды ғана емес, Щучинск қаласын да қамтыды. Қазір Бурабай ауданында теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтуде, Сонымен қатар оның алаңын қайта жаңарту да белсенді түрде жүргізілуде. Қалаға кіреберіс толықтай өзгертілмек. Жұмыс жоспары бекітіліп, мердігерлер мен инвесторлар жобаны іске асыруға кіріскен. Оларға қойылған басты міндет - жобаны уақытында және жоғары сапамен аяқтау.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Реновация арқылы біз әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың сұранысын қанағаттандырамыз. Мысалы, осы жайлы, бизнес-класс саналатын тұрғын үй кешендерінде құрылысшылар көпбалалы 10 отбасын баспанамен қамтамасыз етеді. Реновацияға қатысушылардың әрқайсысы міндеттемені өзіне алады. Олардың үйлерінде көпбалалы аналарға тегін баспана беріледі.Кейін олар бұл пәтерлерді жекешелендіріп, өз меншік құқығына алады. Бұл әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға пәтер беру және құрылысқа бағытталған бюджет бағдарламаларына қосымша шара. Біз осы жаңа тәсілді қолдана отырып, кезекте тұрған адамдарға көбірек баспана беру мәселесін шешуді көздеп отырмыз.
РКС: Реновация бағдарламасы қажетті әрі уақытылы жасалып отырған шара. Бұл көп бағытты жоба, ол тек облыс тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қалалардың сәулет келбетін де өзгертуге бағытталған. 1 маусымнан бастап Щучинск қаласында теміржол вокзалын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Осы нысанды жаңарту қала инфрақұрылымының дамуына маңызды үлес қосып, облыстың туристік орталығына келетін барша қонақтарға жайлылықты қамтамасыз етпек.
СНХ: БОЛАТ ӘБДІРАШИТОВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ ӨКІЛІ: Толық жаңартылады. Желдеткіш, жылу, су құбыры желілері толығымен ауыстырылады. Мүгедектерге байланысты дүниенің бәрі құрылыс нормалары мен ережелеріне байланысты жасалады. Біз Көкшетау, Щучинск және Макинск қалаларындағы үш вокзалға қатысты жобаны жүзеге асырамыз.
РКС: Коммунистическая көшесіндегі бұрынғы аудандық полиция бөлімінің орнына 96 пәтерлі үй тұрғызылмақ.Бұдан бөлек, Циолковский көшесіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы да маңызды нысанның бірі. Ол бұған дейін апатты жағдайда тұрған соң сүрілген ғимараттың орнында бой көтереді.
СНХ: ЖАСЛАН ШӘРІПОВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ ӨКІЛІ: Құрылыс басталып кетті, жылдың соңында тапсмыруды жоспарлап отырмыз. 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер болады. Бәрі осы қаланың тұрғындарына беріледі.
РКС: Жеке инвестициялық жоба да ұсынылды. Облыс әкіміне жаңа сауда орталығының құрылысы көрсетілді. Ауданға жұмыс сапары барысында Марат Ахметжанов Щучинск жоғары педагогикалық колледжіне барды. Оқу үдерісін ұйымдастыру және ғимараттың маңайын көгалдандыру жұмысына оң баға берді. Колледж басшысына білім мен экологияға қосқан үлесі үшін Алғыс хат пен ақшалай сертификат табыс етті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Аймақ басшысы сондай-ақ үздік көгалдандыру мен абаттандыруға байқау жариялады. Оның жеңімпазына 5 миллион теңге беріледі. Бұл аймақтағы жайлы әрі жасыл ортаны қалыптастыруға маңызды ынталандыру болмақ.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ