ДИКТОР: Адамдарды құтқару, жазатайым оқиғалар мен төтенше жағдайлардың алдын алу – облыс құтқарушыларының басты міндеті. Олар адам өмірін жол-көлік оқиғаларында, көлдер мен өзендерде, сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезінде облыс бойынша ғана емес, еліміздің басқа аймақтарында да құтқарып жүр.

РКС: Жыл басынан бері жасақ құтқарушылары 500-ге жуық жедел құтқару операциясын өткізді. Құтқару жұмыстары кезінде 20-дан астам адам құтқарылды. Жақсы профилактикалық жұмыстың, сондай-ақ құтқарушылардың жедел жұмысының арқасында облыста жазатайым оқиғалардың саны айтарлықтай азайды.

STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы жаңа техникамен жабдықталып жатыр. Оның ішінде жақында екі жаңа болотоход әкелінді. Осындай жаңа арнайы техника құтқарушы жұмысының тиімділігін арттыруға көмектеседі.

СНХ: НҰРТАС ӨТЕГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ: Көкшетау қаласының жедел құтқару жасағының күштеріне арнайы екі АГ-30 көлігі әкелінді. 6-8 адамды тасымалдауға болады. 3-4 адам ішінде түней алады. Онлайн навигация, радиостанциямен жарақтандырылған. Зардап шеккендерді эвакуациялау үшін қолданылады.

РКС: Құтқару жасағының моторлы қайықтары, гидравликалық авариялық-құтқару құралдары, батпақта жүретін және Трэкол көліктері бар. Негізінен, құтқару бөлімшелері облыстағы су айдындарының жағасында орналасқан. Құтқару жұмыстары жылдың төрт мезгілінде жүргізіледі. Қыста жүретін арнайы көліктер де жұмылдырылады.

СНХ: ҒАНИ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: Жасақтың штатында 102 қызметкер, құтқару қызметінде 20 арнайы техника бар. Өйткені қиын жағдайда жұмыс істейміз. Бөлімшелеріміз Көкшетау, Щучинск қалаларында, Бурабай ауданында, Зерендіде және Аршалы кентінде орналасқан. Жасағымыздың мамандандырылған сүңгуір-құтқару бөлімшелері де бар. Олар Ақмола облысының барлық аумағына құтқару жұмысына шығып тұрады.

РКС: Құтқарушылар кезінде Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жою кезінде іздеу жұмыстарына да қатысты. Сондай-ақ, отрядта кинология бөлімі жасақталған. 4 кинолог маман жұмыс істейді. Арнайы үйретілген 6 ит бар.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.