ДИКТОР: Аймақта Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйақысы ұлттық байқауына және «Қазақстанның үздік тауары-2025» байқауына қатысуға дайындық қыза түскен. Облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Кездесуге ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен қатар шағын және орта бизнес субьектілерінің 30-дан астам өкілі қатысты. Байқауға қатысуды жоспарлап отырған бизнес өкілдеріне оны өткізудің тәртібі мен ережелері түсіндірілді. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйақысы өнімдер мен қызмет түрлерінің сапасын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ұйымдардың жеткен жетістіктері үшін беріледі. «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі үш номинация бойынша отандық өнімдері арасында өткізіледі. Жеңімпаздар өндірістік мақсаты, тұрғындарға арналған тауарлар мен апзық-түлік өнімдері санаттары бойынша таңдалады. 30-дан астам ақмолалық кәсіпкер байқау-көрмеге қатысуға ниет білдіріп отыр. Маусымның 18-не дейін өтінімдер қабылданады.
СНХ: ЛЕЙЛА НҰРЫШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ САРАПШЫСЫ: На Жыл сайын кәсіпкерлер палатасының алаңында Президенттің «Алтын сапа» сыйақысына ізденіс және «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің алдында осындай семинар өткізіледі. Бүгінгі басқосуда байқауға қатысудың артықшылықтары, өтінімдерді берудің тәртібі түсіндірілді. Семинарға 30-дан астам кәсіпорын қатысты. Көрме маусымның 19-да Көкшетауда өтеді. 100-ге тарта кәсіпорын қатысады деген болжам бар. 9 жеңімпаз-номинант «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне жолдама алады.