ДИКТОР: Ақмола облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының сауда және интеграция бірінші вице-министрі келді. Кездесу барысында Айжан Бижанова экономикалық қолжетімділікті қамтамасыз ететін және мемлекеттік қолдау, сауда саласын дамытудың басым бағыттары туралы айтты.
РКС: Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің жұмыс сапары БҰланды ауданынан басталды. Айжан Бижанова жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдерімен жиын өткізіп, азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Кездесу барысында жеке кәсіпкерлердің алдынан шығатын өзекті мәселелер талқыланды. Мәселен, қазір Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының санатына 19 атау кіреді.
СНХ: ДИНА ЖАРҚЫНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімдемесіне өзгертулер енгізу жоспарда бар ма? Мені осы сұрақ мазалайды.
СНХ: АЙЖАН БИЖАНОВА, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Қазір біз санаттарды қайта қарап жатырмыз. Бірақ, тікелей министрлік қарамайды. Осы мәселеге байналысты комиссия құрылды. Мемлекеттік органдардан ұсыныстар жиналды. Егер сіздерде де болса, оны да қарастырамыз. Мәселен, жұмыртқаны С1-ден С2 санатына ауыстыру туралы мәселе көтеріліп жатыр. Ол дәл қазір әлеуметтік маңызы бар, әрі кішілеу, бірақ арзандау. Біз өндіріс көлемін және халықтың сұранысын зерделеген кезде тұрғындардың арасында С1 санатындағы жұмыртқа үлкен сұранысқа ие екенін анықтадық. Сондықтан бұл жерде ауыстыру мәселесіорынсыз.
РКС: Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін асыратын мемлекеттік сатып алуға қатысушы жосықсыз тасымалдаушыларды реестрге енгізу ұсынылды. Заң бойынша мұндай әрекеттер айыппұлмен жазаланатыны айтылды.
СНХ: АЙЖАН БИЖАНОВА, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Көп ретте әсіресе ірі дүкендерге ең төменгі айыппұлды төлеу жеңілірек. Бірақ одан әрі сауда заңнамасын сақтамайды. Сондықтан реестр енгізген абзал. Бірақ ол мемлекеттік сатып алуға жатпайды. Біз реестрді өнімді делдалдарға енгізбейміз. Егер логистикасы, таңбалауы, тауарларды бөлуі болмаса, онда ондай кәсіпкер ешқандай үлес қоспайды. Сәйкесінше біз олармен күресуге дайынбыз.
РКС: Сауда және интеграция бірінші вице-министрі ведомство өкілдеріне, сауда желілері мен серіктестік директорларына «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасының іске қосылатынын мәлімдеді. Нақты әлеуметтік көмек алушылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу бағасы бойынша осы бағдарламаға қатысатын дүкендерден алуларына болатыны айтылды. «Әлеуметтік әмиян» азаматтарға хабарламалар жіберіп, азық-түлік ваучерлерін құрады. Көмек алушы қызмет түрін пайдалануы үшін дүкенде QR-код ұсынуы тиіс. Бұл жерде жобаны жүзеге асыру туралы кәсіпкерлерден пікір болуы маңызды қадам.
СНХ: АЙЖАН БИЖАНОВА, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Бұл мәселе Президент Әкімшілігінің бақылауында тұр. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыруға қатысты барлық механизм нақты қолдауды қажет ететін адамдар үшін шоғырладнырылуы керектігін айтты. Біз еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігімен бірлесіп қай санатты ілестіруіміз қажет екенін көп ойландық. Нарық бағасы бойынша азық-түлік өнімдерін сатып алуға қаржысы жетпейтін тұрғындар екеніне тағы көз жеткіздік. .
РКС: Айта кету керек, қазір Қазақстанда 200 мыңнан астам, ал Көкшетау қаласы бойынша 2 мыңа тарта нақты әлеуметтік көмек алушы бар. Айжан Бижанова жобаны жүзеге асыруға мемлекет кәсіпкерлерге қолдау болатынын жеткізді. Одан соң сауда және интеграция бірінші вице-министрі «Восточный» базарының қайта жаңғырту барысымен танысты.
ЛЮФТ:
СНХ: БАХТИЯР ТАЛҒАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Көкшетау қаласы бойынша бір базар енгізілген. Жылдың соңына дейін «Восточный» базары жаңғыртылуы тиіс. Жоба құны 350 миллион теңге, оның 70 миллионы жеке қаржы, қалғаны мемлекеттік қолдаудың аясында алынды.
РКС: «Восточный» базары ғимаратының негізі қаланды, кіре беріс бөлігі жабылды. Құрылыс жалғасуда. Қазан айында қолданысқа беріледі деген болжам бар.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ