ДИКТОР: Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ақмола облысының кәсіпкерлерімен кездесті. Айжан Бижанова инновациялар мен бөлшек сауда саласын дамытудың негізгі бағыттарына тоқталып, сауда нысандарына қойылатын талап жайлы тілге тиек етті.
РКС: Сауда және интеграция бірінші вице-министрі нарықтағы бақылаудың тиімділігін арттыру шаралары туралы мәлім етті. Елімізде кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік жауапкершілікті күшейту жоспарланып отыр. Енді ескертудің орнына айыппұл салынбақ. Ол 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін.
СНХ: АЙЖАН БИЖАНОВА, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Біздің айтып отырғанымыз, өнімді делдал сауда процесін жақсарту үшін өзінің қосылған құнына үлес қосуы керек. Егер бұл қосымша құн болмаса, олар қойма, логистика, буып-түюмен айналыспай, ештеңе жасамаса және ондай субъектілер көп болса, біз оларды өнімді емес дейміз. Оларға қатал көзқарас болады, сондықтан кім әлеуметтік кәсіпкерлік палатасымен белсенді жұмыс істейді. Кім әлеуметтік маңызы бар тауарлармен жұмыс істейді, қазір өнімсіз делдалдарды қатаң және тиімді түрде алып тастаймыз.
РКС: Ішкі сауда ережелері мен заңнамаға сәйкес отандық өнімді барынша жарияламақ. Мәселен, кәсіпкерлер "Қазақстанда жасалған" деген белгіні іліп, сүт алаңының 30 процентін отандық өнімге бөліп, көзге көрінетін жерлерге орналастыруы керек. Жиын барысында кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Олардың қатарында Нұрлан Есімов те бар. Қолдау тек отандық өндірушілерге көрсетіледі. Яғни, олар салық пен кедендік баж салығынан басатылған. Тіпті, инфрақұрылым мен құрал-жабдықтарға ұзақ мерзімді несие де беріледі. Ал, диллерлік ұйымдар шеттен тыс қалып қоятына наразы.
СНХ: НҰРЛАН ЕСІМОВ, "EURASIA GROUP KAZAKHSTAN" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ: Қазір тіпті шаруаларға сырттан әкелінетін ауылшаруашылық техникасына берілетін субсидиялар да алынып тасталды. Бұл бұйрықты Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітеді. Сауда министрлігі бұрын бекітілген мемлекеттік органдардың қатарында болған, бірақ менің түсінуімше, бұрынғы мемлекеттік қызметтегі тәжірибемнен, Сауда министрлігі қазір бұл актіні бекітпейді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы екен. Ол басқа мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Сондықтан осы жағын қарастырып, отандық өндірушілерді қолдау мен заманауи технологияларға қол жеткізетін фермерлерді қолдау арасында теңгерім жасауыңызды сұраймын.
РКС: Сауда және интеграция бірінші вице-министрі ішкі нарықты қауіпті өнімдерден қорғау бойынша қабылданып жатқан шараларға да тоқталды. Осылайша, Қазақстанның 6 өңірінде 8 шекара бекетінде жүк тасымалына күшейтілген тексеру енгізілді. Жұмыртқа мен бидайдың импортына тыйым салынды, сүт және ет өнімдері қатаң бақылауда екендігін алға тартты.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ