ДИКТОР: Болашақ сарайында Жаңа жыл қарсаңында жалауын көтерген Ақмола облыстық самбо лигасының турниріне спорттың осынау түрін жандарына серік еткен жас өспірімдер қатысты.

РКС : Турнирдің ашылу салтанаты кезінде қазақ еліне танымал самбошы, спорт меценаты Бауыржан Мәдимұхамедовті әріптестері 50 жылдық мерекесімен құттықтап, жас өрендердің алдында сый-сыяпат жасады. Самбо спортына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлер де марапатталды.

СНХ: ӘЛІМЖАН МОЛДАҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Болашақта осы балалар әлем Азия чемпионаттарына қатысады деген ойдамыз. Біздің спорт мектебінде 150 бала самбомен тұрақты айналысады. Осы балалардан үлкен үміт күтеміз.

ИНТЕРШУМ:

СТЕНДАП:ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІШЛІ: Самбошылардың осалы жоқ...

СНХ: ТӘШКЕН ШЕРИЯЗ, САМБОШЫ: 6 жыл болды мені Азат ағай дайындайды. Бүгінгі қарсыластарым жақсы күресті. Бірақ мен намысқа тырысып жеңдім. Бапкерім Төлен Нұрсұлтан ағай самбоның небір айла тәсілдерін үйретіп жүр.

РКС: Тартысты өткен жарыс барысында, самбоның қыр-сырын жетік меңгеріп келе жатқан жасөспірімдер жүлдегер және жеңімпаз атанды.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ