ДИКТОР:Көкшетаудағы «Қажымұқан» спорт кешенінде ауыр атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, өмірден ерте озған білікті бапкер Владимир Пакты еске алуға арналған дәстүрлі турнир аяқталды.

РКС:Кешегі Кеңес кезеңінде Көкшетаудың зіл темір көтеруші жастарын әлемдік деңгейдегі жарыстарға үкілеп апарып, әр кез алтын медальмен оралтқан Владимир Пактің есімі ешқашан ұмытылмайды.

СНХ:БАТЫРБЕК ОЗДОЕВ, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Қырғызстанда спорт институтын бітіріп, Көкшетауға арнайы жолдамамен келді. Сол кезеңнен бастап марқұм Владимир Пак тынымсыз еңбек етті. Менің бапкерлерім Вячаслав Андреев пен Джамалиден Панахов әлемдік рекорд жаңғыртты. Соңғы шәкірті Сергей Капитов та дүниежүзіне танымал ауыр атлет болды. Міне, бапкердің осындай ұшан-теңіз еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

РКС:Владимир Пактің ізін лайықты жалғастырған жаттықтырушының бірі- Асқар Әлкешов 40 жылдан астам Жарқайын ауданында шәкірт дайындап жүр.

СНХ:АСҚАР ӘЛКЕШОВ,АРДАГЕР БАПКЕР: Владимир Пак сондай мықты бапкер болды. Кеше Көкшетау облысында қаншама әлемге танымал ауыр атлеттер дайындап шықты. Біз одан үлгі алып, еңбек етіп жүрміз.

РКС:Владимир Пакті еске алуға арналған дәстүрлі турнир талай жасөспірімнің тұсауын кесті. Осы жолғы жарыс соның айқын айғағы.

СНХ:ЕРСАЙЫН АРСЕН, ЖАС СПОРТШЫ: Ауыр атлетикамен айналысқаныма 2 жылдай болды, бапкерім Асылхан Төлегенұлы. Пактің турниріне бірінші рет қатыстым.

РКС: Бірнеше күнге созылған турнир барысында ең мықтылары жүлдегер және жеңімпаз атанды. Жаңа жыл алдындағы жарыс өңірімізде ауыр атлетиканың бұқаралық сипат алып келе жатқандығын көрсетті.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ