ДИКТОР: Алдағы жылан жылынан үміт көп. Президент Жарлығымен 2025 жыл –жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Жаңа жыл қарсаңында студенттер мен жұмысшы жастардың басын біріктірген «Алға, жастар!» атты облыстық форум өтті.
РКС: Биылғы форумның өзіндік ерекшелігі бар. Яғни өңірлік жастар үшін диалог алаңына айналған шарада қызу пікірталас та, қызықты идеялар да ұсынылды. Форум аясында өңір жастары жыл бойы атқарған жұмыстары, жетістіктері мен жастар саясатын дамытуға бағытталған шараларды қорытындылады. Түйткілді ойлар мен сан алуан сауал жауапсыз қалмады.
СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Біздің облыста жасалып жатқан барлық жұмыстар, іске асырылып келген жобалар сіздердің, жастардың жан-жақты дамуына бағытталып отыр. «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы шеңберінде біздің облысымызда 83 маманға 665 миллион теңге соммасында бюджеттік несие беріліпті биылғы жылы. Сонымен қатар, 559 маманға 206 миллион теңгені құрайтын көтерме жәрдемақы берілген, табысталған болатын. Алайда еңбекпен қамту тек жұмыс орындарына тұру емес, жастардың өз идеяларын жүзеге асыруға, өз істерін ашуға мүмкіндік. Осыған орай,осы мақсатқа қол жеткізу үшін, 2,5 пайыздық жеңілдетілген шағын несие 778 жас адамға берілген болатұғын биылғы жылы.
РКС: Соңғы 2 жыл көлемінде, жастардың стартап жобаларын іске асыру бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жүзеге асырылуда. Жоба аясында 5 бағыт, яғни ғылым, мәдениет, ақпараттық технология, бизнес және медиа саласы бойынша грант беріледі. Биыл 68 ұсыным түскен. 10 жеңімпаз 1 миллион теңге көлемінде грантқа ие болды. Форум аясында жастар арасындағы түрлі бағытта жетістікке жетіп жүрген жастар ескерусіз қалмады. Айта кетейік, ең жас волонтердің жасы небәрі 14-те.
СНХ: ДІНМҰХАМЕД ТАЛҒАТОВ, "JAS VOLUNTEER -2024" НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Волонтер ретінде халықаралық, республикалық, қалалық іс-шараларға қатыстым. Солардың бірі-Бурабайда өткен "Akbura Bay Trail-4" халықаралық жарысы дер едім. Ол жерде біз сайысқа қатысушыларға тамақ бердік. Олардың заттарын тасып, бірге еріп жүрдік. Айналамдағыларға жасаған жақсылығыма өзім марқаямын. Жақсылық жасап жарысайық.
РКС: Ақмола облысы тұрғындарының 210 мыңнан астамы жастар. Олардан құралған 130-дан астам ұйым өз тетелестерімен жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Көкшетау қаласы аумағында 35-тен астам жастар және волонтерлер ұйымы да түрлі шарада белсенділік танытуда. Шара соңында белсенді өңір жастары Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Ақмола облысы әкімінің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ