ДИКТОР: Ақмола облысында биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 134 млрд.теңге бөлінді. Қомақты қаржының 46 миллиард теңгесі қайтарымсыз субсидия. Бұл шаруалардың кәсібін ширатып, мол өнім алуына мүмкіндік берді.
РКС: Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың бірі – Бүркітбай Уәлиев. Зеренділік шаруа биыл мемлекеттен арзандатылған жанар-жағармай мен тыңайтқыштар алған. Осылайша орақ науқанын уақытылы аяқтап, мол өнім жинады.
СНХ: БҮРКІТБАЙ УӘЛИЕВ, «УӘЛИЕВ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бізге енді Үкімет тарапынан жылда-жылда арзандатылған жанар-жағармай беріледі. Соны аламыз. Сосын техника алсақ, оғанда көмегі бар. Субсидия береді 25-30 процентпен. Дәнді дақылдарға гербецит, тыңайтқыштан көмегі болады. Қолайлы ауа райында біз егінімізді жинап алдық. Жақсы өнім алдық. Мол өнім. Көріп тұрғандарыңыздай, қамбаға зорға сыйды.
РКС: Биыл жергілікті диқандар үшін табысты жыл болды. Қамбаға алты жарым миллион тонна астық құйылды. Бұл - рекордттық көрсеткіш. Шаруалар мұндай жетістікке тікелей мемлекеттің қолдауымен жеткендерін жасырмайды. Қазір өңірде келер жылғы қаржыландыру көздері қарастырылып жатыр.
СНХ: ДУЛАТ СЕРДӘЛІ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Биылғы жылы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылғы агросезонның басталуына желтоқсан айынан бастап қаржыландыру басталды. Бұл жаңа айтып өткен, «Кең дала» және «Кең дала 2» бағдарламасы және «СП КӨКШЕ» арқылы бөлінетін қаражат. Бүгінгі күні 1 млрд.теңге соммасында 18 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржы берілді.
РКС: Бұдан бөлек, биыл 600-ден астам ақмолалық шаруа «Кең дала» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алды. Қаржыландыру сомасы 60 миллиард теңгеге жуықтады.
ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ