ДИКТОР: Жыл сайын еліміздің әр түкпірінде балабақша тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары арасында «Үздік педагог» байқауы өтеді. Аталмыш сайыстың облыстық кезеңінде 26 қатысушы бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясының мұғалімі Баян Бекетай «2024 жылдың үздік педагогы» атанды.
РКС:Баян Бекетайдың ұстаздық жолды таңдағанына 18 жылдан асты. 2006 жылы Алматының Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетін бітірген. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде алғашқы еңбек жолын Алматыдағы №62 лингвистикалық мектебінде бастаған. Қазір Щучинск қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі және директордың орынбасары қызметін қатар атқарып келеді. Мектеп қабырғасында жеткен жетістіктері де аз емес. Бүгінде пәнді оқытумен қатар, жаhандық дәуірде оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дәріптеуде нәтижелі жұмыс істеп жүр. Ол «Отбасындағы салт-дәстүр тағылымы», «Әке жолы», «Smart серіктестік», «Мәңгілік ел идеясы мектепте», «Алтын қор» жобаларының, сондай-ақ «Өнермен өрнектелген өмір», «Сен қалаған әке» рухани-психологиялық кітаптарының авторы.
СНХ:БАЯН БЕКЕТАЙ, «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Үздік педагог болу – ол тек өз пәніңнен жетік болу емес, үздік педагогтің ережесіне қарайтын болсақ, ол жерде бірнеше 15-ке жуық пункт бар. Әр пунктте өзіңнің кәсіби жетістіктеріңмен қатар, оқушылардың жетістгі, қоғаммен байланысың, қайырымдылық, волонтерлік, тәрбие бағытындағы шараларды жүзеге асыруың керек. Республика көлемінде жолдама алып, барып бағымызды сынадық, бұйырғаны облыстың үздік педагогы атанып қалу болды. Бірақ бұл мен үшін, атақтан бұрын үлкен тәжірибе болды. Сондықтан әрбір жас мамандарға айтарым, конкурстан қорықпау керек, ол жерде жеңсең де, жеңілсең де ең бастысы үлкен тәжірибеге ие болып қайтасың.
РКС:Баян Бекетай шәкіртке –үлгі, әріптеске сыйлы ұстаз. Оның шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы. Ал әріптестері «Ол өз ісінің майталманы және де озық идеялардың генераторы»,- дейді. Өз білгенін жас ұстаздарға үйретуден жалыққан емес.
СНХ:ГҮЛАЙЫМ ҚАЛМАҒАНБЕТОВА, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ №9 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жалпы, Баян Ахатайқызымен мен 15 жылдай осы мекемеде бірге жұмыс істеп келе жатырмыз. Баян Ахатайқызы мектептегі әрбір 47 педагогтың әрқайсысына педагогикалық қолдау көрсетіп, жас мамандарға өзінің озық тәжірибелерін үйретуде, тәлімгерлік жасауда өзінің шеберлігін таныта біледі. Бойында көшбасшылық қабілеті өте басым, сондықтан да әрбір жас мамандармен жасаған жұмыстары нәтижелі.
РКС:Баян Бекетайқызы – қиын да жауапты ұстаздық жолды жауапкершілікпен атқарып келе жатқан ұстаздың бірі. «Үздік педагог -2024» байқауының жеңімпазы алдағы уақытта тағы да тың жобаларын жүзеге асырмақшы.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ