ДИКТОР: 2026 жылдан бастап 1 миллионнан астам қазақстандық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосылады. Енді әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтар үшін жарнаны жергілікті атқарушы органдар төлейді. Сондай-ақ, жұмыссыз жүрген азаматтар да тегін медициналық көмек ала алады. Ақмола облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалай жүзеге асырылуда. Әріптесім Жанар Мұқышева жалғастрады.
РКС: Ақмола облысында 800 мыңға жуық халық тұрады. Бүгінде олардың 650 мыңнан астамы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген. Яғни, өңір халқының 81 проценті медициналық сақтандыру бойынша тегін ем ала алады. Бірақ, әлі де 133 мыңнан астам тұрғынның сақтандыру мәртебесі жоқ. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, келер жылдан бастап халықты сақтандыру жүйесіне барынша тарту көзделген. Әсіресе әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарды қамту мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.
СНХ: ТАЛҒАТ ТҰРМАҒАНБЕТ, МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біздің облыста 36 мыңнан астам халық бар осы категорияға жататын, соларды 1-ші қаңтар 2026-шы жылдан бастап, жергілікті бюджеттен ақша төленеді. Соның арқасында осы халық МӘМС-тегі медициналық көмек қызметтерге қолжетімділігі пайда болады. Жұмыссыздар ол бізде мемлекетпен төленетін 15 категорияның ішіне кіреді. Тиістер бөлімдер бар, соған барып тіркелсе, оларға мемлекет қаржы төлейді. Сәйкесінше, олардың да МӘМС-тегі медициналық қызметтерге қолжетімділігі болады.
РКС: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша биыл Ақмола облысына 85,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның аясында 113 мыңнан астам науқас стационарлық ем алған. 24 мыңға жуық күрделі операция жасалды. Мәселен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы әйелдерге алғашқы, мамандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек қолжетімді.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ ӘЛПІЛАМ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Оның ішінде антенатальды күтім жатады. Антенатальды күтім аясында біздің жүкті әйелдеріміз ультрадыбыстық скриннингтер, құрсақ ішінде нәрестенің ақауы бар ма соны зерттеу үшін 3 рет скриннингті тегін өте алады. Ультрадыбыстық зерттеу, жүректі, бүйректі, ішкі органдарды зерттеу барлығы тегін. Сонымен, қатар узкие специалисты дейміз, кардиолог, аритмолог, невропотолог дәрігерлері де барлық дәрігерді осы МӘМС аясында тегін өте алады. Жоғары қауіп қатерлі аурулары болса, немесе акушерлік жағдай болатын болса, республикалық диагностикалық клиникаларда тегін зерттей аламыз.
РКС: Алдағы уақытта бірыңғай базалық медициналық пакет аясында жедел және шұғыл жәрдеммен қатар, паллиативтік көмек, әлеуметтік мәні бар сырқаттар мен скринингтік тексерулер де тегін көрсетіледі.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ