ДИКТОР: Курортты Бурабай аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында биыл қоқысты шығару жиілігі екі есеге артты. Өңірдің қоғамдық кеңес мүшелері туристік аймаққа экологиялық мониторинг жасап, санитарлық тазалығына мән берді.
РКС: Қазақстандағы екінші Швейцария атанған курортты Бурабай аумағындағы жекеменшікке өтіп, қоршауға алынған ақылы жағажайға биылғы жаздан бастап кез-келген тұрғынның тегін кіру мүмкіндігі бар. Бұл қоғамдық кеңес мүшелерінің қарапайым халықтың үнін билікке жеткізуінің жемісі.
СНХ: ҚАБДУӘЛИ ҚҰЛЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Халық деген көп бізде хат түседі. Қымбат өте деп. Демала алмаймыз, бізді жібермейді. көлдің басына жібермейді. Қазір енді мынау көлдің жағалауына жай кіреді ақша төлемейді.
РКС: Бүгінде Бурабай айналасында бір ғана қоғамдық жағажай бар. Жергілікті билік өкілдері келесі жылдан бастап, олардың санын бірнеше есеге арттыруды көздеп отыр.
СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ; Келесі жылы біз әр көлде қоғамдық жағажай болуын қамтамасыз етеміз. Көпке қолжетімді жағажайлар Щучье, Үлкен және Кіші Шабақты көлдерінде ашылады деп жоспарлап отырмыз. Қоғамдық кеңес халықтың атынан сөйлеп, қоғамдық бақылауды күшейтіп отыр. сондықтан біз олармен бірлесіп, жұмысымызды жалғастыратын боламыз.
РКС: Кеңес мүшелері сондай-ақ, курортты аймақта тегін автотұрақтар санын арттыру қажеттігіне көңіл бөлді. Курортты аумаққа жасалған экологиялық бақылау Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ