ДИКТОР: Ауыл тұрғындарына қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету - мемлекет саясатының басым бағытының бірі. Осы ретте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірдің 14 елді мекенінде 28 нысан салынды. Бүгінде Атбасар ауданына қарасты Сергеевка ауылының тұрғындары да сапалы медициналық қызметтің игілігін көріп отыр.
РКС: Сергеевка ауылында 800-ге жуық тұрғын бар. Бұған дейін олар медициналық көмекті ескі ғимаратта алатын. Ал жедел көмек қажет болған жағдайда, тіпті аудан орталығына жүгінуге де мәжбүр еді. Жаңа медициналық пунктің ашылуы жергілікті тұрғындардың қуанышын еселей түсті.
СНХ: СЕРІКБАЙ ӘЛІБЕКОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Сергеевка ауылында 10 жылдан астам тұрамын. Ауылда зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар көп. Әр адамның аудан орталығына барып, медициналық көмек алу мүмкіндігі бола бермейді. Енді, ауылымызда медициналық тексеруден өтіп, уақытылы көмек ала аламыз.
РКС: Медициналық пункт заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Қазір фельдшерлік-акушерлік пунктте 5 маман жұмыс істейді. Мұнда терапевтік, акушерлік, екпе және емшара кабинеттері бар.
СНХ:САЛТАНАТ ОРАЗАЛИНА, МЕДБИКЕ: Акушер медбикеміз бар, сосын фельдшеріміз бар, детский медсестрамыз және соцработник, санитаркамыз бар. Акушерлік кабинет, взрослый фельдшер кабинеті, детский медсестра кабинет, процедурный кабинет, прививочный кабинет, физиокабинет бар. Барлық кабинеттер жұмыс жасайды. Участковый врач Атбасар қаласынан айына бір ре т келіп тұрады.
РКС: Медициналық пункт бір ауысымда 40 адам қабылдай алады. Жақын арада осындай фельдшерлік-акушерлік пункт Новоселькое ауылында да пайдалануға беріледі.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ