ДИКТОР: Бурабай ауданында соңғы жылдары әлеуметтік жобалар қарқынды жүзеге асырылуда. Ұрымқай, Баянбай және Николаевка ауылдарының тұрғындары көптен күткен қуанышқа кенелді. Бұл елді мекендер таза ауыз сумен толық қамтамасыз етіліп отыр. Ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы баяндасын.

РКС: Ұрымқай, Баянбай, Веденовка ауылының тұрғындары жаңа су құбыры желілеріне қосылды. Биыл Николаевка, Молбаза, Шиелі, Наурызбай батыр, Жасыл, Дмитриевка, Көрнекті, Қатаркөл елдімекендері де таза ауыз суға қол жеткізбек. Мемлекеттік бағдарлама аясында ұзындығы ондаған шақырымды құрайтын жаңа су желісі тартылып, ауылдарға қосылды.

СНХ:СЫМБАТ САҒЫНДЫҚОВА, БАЯНБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы ауылда тұрғаныма 35 жылдан асып барады. Ауылымызда шешімін таппаған бірнеше мәселе бар еді. Соның бірі, ең маңыздысы осы су мәселесі. Биылғы жылы міне ол да шешілді. 40 жылдан асқан су құбырлары шіріп, әне жері, мына жері тесіліп талай сусыз отырған күндеріміз болды. Тіпті ішетін судың өзін қаладан әкелген күндеріміз болды. Қазір міне әр үйімізге, мектепке де су құбыры кіргізіліп таза суға қанық болдық. Жарық шамдары орналастырылды.Өздеріңіз көргендей жолымыз да істелінді. Сондықтан біз бүкіл ауыдлымыздың атынан мемлекетімізге, ауыл әкімшілігіне үлкен рахметімізді айтамыз.

СНХ:ДИАНА РАҚЫМЖАНОВА, КЕНЕСАРЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Президентіміз бастаған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Оның бірі міне Баянбай ауылындғы жаңадан салынған су құбыры мәресіне келіп жетті. Жалпы проектінің суммасы 845 млн теңге. Ауылымызда 170-ке жуық үй бар. 500-ден астам кісі тұрады. Бүгінгі күнге ауыл тұрғындары 100 пайыз жаңа су құбырына қосылды, пайдаланып жатыр. Су сапасы жақсы. Жаңа проект бойынша салынған. Автоматизациясы,фильтрациясы бар.

РКС: Николаевка ауылында 23,8 шақырымдық су құбыры желісі тартылды. Бұған дейін ауыл халқы тіршілік нәрін құдықтан немесе алыстан тасып ішіп келді. Жаз мезгілінде таршылық көретін едік. Қазір таза су есіктің алдына дейін келіп тұр. Бұл біз үшін үлкен жетістік,-дейді ауыл тұрғындары.

СНХ:ВЛАДИМИР КАНАНЕЦ, НИКОЛАЕВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Зейнетке шыққаныма 11 жыл болды. 2023 жылы аудан әкімі ауыл тұрғындарымен жиын өткізіп, сол тұста 2025 жылы жаңа су құбырын іске қосамыз деп уәде берген еді. Шыны керек сол кезде сенімсіздік танытқанымызды жасыра алмаймын. Уәде мен іс сәйкес келмей қалар деп күмәндандық. Бірақ, міне, бүгін жаңа су құбыры іске қосылды. Бұл – заманауи технологиямен жабдықталған желі. Суды тазарту құрылғысы бар. Скважинаның тереңдігі 70 метр. Қысымы өте жақсы. Адам үшін ең қажетті нәрсе – нан мен су ғой. Егер осы екеуі болмаса онда адамның тіршілік етуі де мүмкін емес. Осы сәтті пайдаланып, аудан әкімі мен Успенка ауылдық округінің әкіміне халыққа деген жанашырлығы мен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді.

РКС: Былтыр Ұрымқай ауылында су құбыры желісін және сыйымдылығы 25 текше метрлік 3 су мұнарасын қайта құру жобасы іске асырылды. Қазір таза ауыз суға 300 абонент қосылды. Ауылдың сыртқы көрініс де көз тартарлық. Аталған елді мекенде жаңа мәдениет үйі және фельдшерлік-акушерлік пункт жаңғыртылып жатыр. Алдағы уақытта ауданның өзге де ауылдары кезең-кезеңімен орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылмақ.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ