ДИКТОР: Көкшетауда этномедиацияның дамуы мен ұлтаралық келісімді нығайту мәселелері талқыланды. Аталған шара Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу мен татуласу» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Конференцияға этнобірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының, сонымен қатар мемлекеттік және құқық қорғау органдарының һкілдері қатысты.

РКC: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 31-ші сессиясында болашақта этномедиацияны дамытудың маңыздылына тоқталып, арнайы оқу орталығын құруды тапсырған еді. Бұдан бөлек, Президент құқық қорғау қызметіне этномедиаторларды белсенді тартуды да міндеттеді. Қазір аймақта этномедиация кабинеттері жұмыс істейді. Оның жұмысына 10 медиатор тартылған. Алтауы кәсіби, қалғандары қоғамдық негізде атсалысуда. Олардың іс-әрекетінің нәтижесінде 419 дау реттелген.

СНХ: ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазіргі уақытта медиативті технологиялар өте өзекті әрі маңызды. Кез келген мемлекет үшін медиация институтын дамыту коммуникацияны орнатудың маңызды факторына айналып отыр. Адам өмірінің кез келген саласына ауадай қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл тұстағы миссиясы түрлі әлеуметтік топтар мен этностар арасындағы түсініспеушілік пен алауыздықты жойып, оларды ұйыстыру.

РКС: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы этномедиация орталығы құрылды. Аталған институт этникааралық қарым-қатынастар қызметімен айналысады. Орталық жүргізген сауалнамаға сәйкес Ақмола облысы бойынша респонденттердің 97,6 проценті аймақта этникаралық жағдайдың тұрақты әрі қолайлы екенін айтқан.

СНХ: МЕРЕЙ МАҚСҰТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТІРЛІГІ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУ КОМИТЕТІ ӨҢІРЛІК ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Медиация азаматтық қоғамның басым бағыттарының бірі. Ол дауды шешу мен қазақстан азаматтарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге жағдай жасау алаңы болып табылады. Осы жұмыс аясында этносаралық негіздегі оқиғалардың алдын алу және жол бермеу мақсатында Республикалық және 21 өңірлік этномедиация кеңесі құрылды. Сондай-ақ Достық үйінің жанынан 20 медиация орталығы құрылды. Республикалық деңгейден бастап жергілікті деңгейге дейін кәсіпкер этномедиатрлардың тізімі қалыптастырылды. Олардың құрамында жалпы саны 320-дан астам адамды қамтитын кәсіби медиатрлар, заңгерлер, педагогтар, психологтар, дінтанушылар, журналистер және қоғам пікірінің көсбасшылары бар.

РКС: Шара барысында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға белсене қызметі, этномедиация саласына қосқан үлесі мен қажырлы еңбегі үшін бір топ азамат Алғыс хатпен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Салтанатты шарадан соң қатысушыларға «Этникалық шиеленістерді реттеудегі медиация» тақырыбында панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Оның аясында этномедиация негіздері оқытылып, ашық пікірталас үшін интерактивті алаңдар өтті. Шараға қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық кейстерді талқылады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ