ДИКТОР: «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында және Конституцияның 30 жылдығына орай облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен уәкілетті органдар азаматтарды жеке мәселелері бойынша көшпелі қабылдады.

РКС: Қабылдау барысында азаматтарға әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлік қызмет, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және басқа да өзекті мәселелер бойынша кеңестер ұсынылды. Шара ашық диалог форматында ұйымдастырылды.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ПЕРНЕБЕК, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Халықпен тығыз қарым-қатынас орнату – бұл сіздерді толғандыратын әлеуметтік мәселелер, салыққа қатысты сұрақтар, тұрғын үй қатынастары және өзге де маңызды мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қазіргі таңда халықпен кездесу ашық форматта өтіп жатыр. Жиынға көп адам жиналды. Қойылып жатқан сұрақтардың басым бөлігі салық, жер қатынастары және тұрғын үй кезегі мәселелеріне қатысты. Біздің тарапымыздан барлық сұрақтарға сапалы түрде жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жазбаша өтініштер қабылданып, оларды қарау мәселесі назарға алынып отыр.

РКС: Келушілер өздері таңдаған мамандармен еркін диалог құру арқылы өз сұрақтары мен ұсыныстарына қанағаттанарлық жауап алды. Осылайша, азаматтардың мәселелерін жедел шешуге және құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасалды.

СНХ: ҚАЗИ ҚАБЫЛЖАПАРОВ, ҚЫЗМЕТ АЛУШЫ: Мен өзімнің сұрағымды қойдым. Заң бойынша жеке сұрақтарым болды, қабылдады, дұрыс айтып берді. Рахмет айтамын. Прокуратура толықтай жауап берді, көңілімнен шықты.

РКС: Мамандар қабылдауға келген азаматтардың сауалдарын одан әрі қарау үшін жазбаша өтініштер қалдыру мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Қажет болған жағдайда өтініштер жеке қаралып, мәселе толық шешілгенге дейін жұмыс жүргізіледі.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ