ДИКТОР: Көкшетаудағы Бейбітшілік шағын ауданының тұрғындары жергілікті биліктен кәріз құбырын тартып беруді сұрайды. Қазір орталықтандырылған кәріз құбыры ауданның шағын бөлігінде ғана бар. Жерасты суларының көптігінен және жауын-шашыннан болар жеке меншік үйлердегі септиктер жиі толуда. Ал арнайы көлік шақырып, қалдықты тазарту ақысы қымбат. Тілші баяндасын.
РКС: Көпбалалы ана Әсия Сабыр Бейбітшілік шағын ауданында 10 жылдан бері тұрады. Алғашқы жылдары кәріз құдығымен мүлдем проблема болған емес. Бұл тек соңғы екі жыл төңірегінде туындаған мәселе деп отыр.
СНХ: ӘСИЯ САБЫР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бір айда бір рет екі айда бір рет, қыста 2-3 рет ассенизатор шақырып, тазартып алатынбыз. Соңғы 2 жылда глобальный проблема болып кетті. Қазір 2 күнде бір рет шақырамыз. өзінен өзі толып кетеді. қайдан келеді ол су оны біз білмейміз. Бір рет шақырғанда 8 мың теңге төлеймін.
РКС: Кәріз құдығындағы қалдық жол бойына төгіліп, аялдама ішіне жиналуда. Бұл көршілердің наразылығын туғызуда.
СНХ: БОТАГӨЗ КАМАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ертеде бізде жартылай кісілерге жасапты. Ал бізде ар жағында канализация жоқ. Жазда жаңбырда бір айда 3-4 рет выкачиывание жасаймыз. 10 мыңнан айына 30-40 мың теңге только канализацияға кетеді. Центральный канализация жасаса біз ол ақшаны соған төлегеніміз артық қой. Біз сұраймыз біздің жақтан канализация тартсын деп.
РКС: Көкшетау қалалық су арнасы кәсіпорнының мамандары соңғы жылдары жер асты суларының көбейгенін жасырмайды. Бұл мәселені шешудің бірден бір жолы орталықтандырылған кәріз құбырын тарту.
СНХ: АЛТЫНБЕК АСҚАРҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Бейбітшілік шағын ауданындағы канализация мәселесін көп жылдан бері бар екенін жақсы түсінеміз. Бұл кешенді шешімді қажет етеді. Аталған аумақтың жер бедері күрделі, топырағы жартасты. Қазіргі уақытта Көкшетау су арнасымен бірлесіп жобалық-сметалық құжаттама әзірлеудеміз. Егер қаржы бөлінген жағдайда жобаны әзірлеу 2026 жылға жоспарланып отыр. Бейбітшілікпен қатар Шанхан Красный Яр тұрғындарынан да өтініштер түсуде. Барлық өтініштер тіркеліп, қарастырылатын болады.
РКС: Бейбітшілікте 700-ге жуық жеке меншік үй бар. Қазір кәріз құбыры санаулы көшеге ғана тартылған.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ