ДИКТОР: «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушысы, көпбалалы ана Эльвира Мұқашева Көкшетау қаласында крафт ірімшігінің жеке өндірісін дамытып келеді. Оның өнімдері тек Ақмола облысында ғана емес, шет елдерде де жоғары бағаланып жүр.

РКС: Эльвира Мұқашева бес баланың анасы. Негізгі мамандығы - құрастырушы‑модельер. 2019 жылы төртінші баласын дүниеге әкелгеннен кейін балалары жиі ауыра бастайды. Оның себебі тағамда екенін түсініп, өз отбасына табиғи өнімдерді жасауға шешім қабылдайды. Табиғи ірімшік, йогурт пен айран жасауды бастаған. Осылайша оның кең көлемде ірімшік өндірісі басталды.

СНХ: ЭЛЬВИРА МҰҚАШЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Өз ісімді балаларымды қалай дұрыс тамақтандыру керек екенін білмеген кезде бастаған едім. Балаларым өсе келе жиі ауырып жүрді, мен олардың дұрыс тамақтануына қатты алаңдап, дендері сау болуын қалайтынмын. Осы жағдай мені бизнеске жетеледі.

РКС: Уақыт өте келе Эльвира балалардың аурушаңдығы азайғанын байқап, ірімшік өндірудегі қызығушылығы біртіндеп бизнеске айналды. Күн сайын жүз литр сүт қабылдап, ірімшік пісіріп, сенбі күндері оны базарда сататын. Үш жыл бұрын ірімшік өндіру бизнесін дамытуға 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік қолдау алып, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды.

СНХ: ЭЛЬВИРА МҰҚАШЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Ірімшік өндіруді өзім үйрендім, яғни декреттік демалыста болып, барлық технологияны интернеттен зерттеп, түрлі кітаптар оқыдым. Ірімшік өндіруді үйрететін арнайы оқу орнын таба алмадым. Сондықтан өзім меңгерген білімді басқаларға үйретуді қолға алдым.

РКС: Екі жыл бұрын Эльвира «Бір ауыл – бір өнім» байқауына қатысып, жартылай финалистердің ондығына енді. Кейін жоба жеңімпаздарының үштігіне кіріп, 5 миллион теңге көлемінде грант ұтып алды. Осы қаражатқа заманауи құрал-жабдықтар сатып алып, жалға цех алды. Қазір ол ірімшік өндіру бойынша шеберлік сыныптарын өткізіп, табиғи ірімшік тұтыну мәдениетін насихаттап келеді.

СНХ: ВЕРОНИКА БУРДА, ШЕБЕРЛІК САҒАТЫНА ҚАТЫСУШЫ: Бүгін Көкшетаудағы алғашқы крафт ірімшік шеберханасының шеберлік сағатына қатысып жатырмын. Өте қызықты. Біріншіден, ірімшік туралы көп жаңа мәлімет алып, ғылыми ақпаратты меңгердім. Бұрын мен үшін қызық болмаған нәрселерді де білдім. Бәрі ұнайды. Эмоцияларым шексіз. Енді өзімнің алғашқы ірімшігімді пісіргім келеді.

РКС: Айта кетейік, былтыр Эльвира Ақтау қаласында өткен халықаралық «Cheese Open 2024» ірімшік байқауына қатысты. Алты түрлі ірімшік жасап апарған. Оның төртеуі бір алтын, екі күміс және бір қола медаль иеленді. Енді шебер қыркүйек айында Францияда өтетін әлемдік байқауға қатысады. Ол түйе сүтінен жасалған ерекше ірімшікпен Қазақстанның атын шығармақ.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.