ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы «Оқжетпес» көпбейінді балалар спорт мектебінің залында каратэден халық батыры Балуан Шолақтың құрметіне дәстүрлі жарыс өтті.

РКС: Жыл соңында өтетін дәстүрлі жарысқа өз өңіріміздің ұл-қыздары жиналып, күш сынасты. Татамиге шыққан әр үміткердің дайындығы оларды жеңіске жеткізді. Олардың басым бөлігі облыс орталығының өкілдері. Сондай-ақ, көрші Слтүстік Қазақстан облысының спортшылары да шеберлік танытты.

СНХ: ИЛЬЯ ДИК, БАС ТӨРЕШІ: Бұл турнир іріктеу болып саналмайды. Ол облыстық ашық жарыстар кестесіне енген. Татамиге 5-18 жас аралығындағы каратэшілер шықты. Халық батыры Балуан Шолаққа арналып өткізілетін турнирдің биыл да географиясы кең болды.

СТЕНД-АП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: 5-6 жастағы балғын каратэшілердің жіті қимылы көз қызықтырады. ..

СНХ: АЙБИКЕ БАЙМАҒАМБЕТ, КАРАТЭШІ: Мен 5 жастан бастап каратэмен айналысамын. Мен оны жақсы көремін. Бапкерім Данияр ағай әр түрлі айла-әдістер үйретеді.

СНХ: ӘСЕЛ МАДИЕВА, АНАСЫ: Қызымның спортқа деген құлшынысы өте тамаша. Оны каратэге белгілі бапкер Данияр үйретіп жүр. Бірнеше жарысқа қатысып, жүлдегер болды.

ЕСТ.ШУМ:

СНХ: ДАНИЯР РАҚЫМЖАНОВ, БАПКЕР: 2024 жыл бізге өте берекелі және олжалы болды. счпортшыларымыз бірнеше халықаралық жарыстарда жеңіске жетті. олар бұл табысқа осындай жарыстар арқылы шыңдалып барды.

РКС: Тартысты өткен жарыста жүлдегер және жеңімпаз болған каратэшілер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ