ДИКТОР: Көкшетауға сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова келіп, жұмыс сапары аясында жергілікті кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Кәсіпкерлермен кездесіп, өзекті деген мәселелерді талқылады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Еліміздің сауда және интеграция вице-министрі Айжан Бижанова алдымен «Гормолзавод» серіктестігінде болды, мұнда жазда 100, қыста 50 тоннаға жуық сүт өңделеді. 200 адам жұмыс істейтін зауыт басшылығы кәсіпорынның жетістіктері мен жоспарларына тоқталды.
СНХ: ЕРСАЙЫН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, "ГОРМОЛЗАВОД" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл біздің өнім өндіретін желіміз, осы жылы ірімшік шығаруды қолға алдық. Толық автоматтандыруды жоспарлап отырмыз. Ғылым қорымен жұмыс істейміз, ұлттық тағам шығаруға гранд алдық. Ендігі міндетіміз – жұмыс процесін автоматтандыру.
РКС: Серіктестік әзірге сүт өнімдерімен тек Көкшетау қаласы мен Ақмола облысын қамтамасыз етуде. Дегенмен, басқа аймақтардан сұраныс бар. Тұтынушының талғамын ескере отырып, жаңа өнімдерді әзірлеу және маркетингтік зерттеулер жүргізу ұсынылды. Вице-министр қаладағы сауда орталықтарының бірінде де болды. Отандық тауарларды насихаттауға ерекше көңіл бөлінді. Жергілікті өнімдердің түрін кеңейтіп, оларға сауда алаңдарынан көбірек орын бөлу жоспарлануда.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Кәсіпкерлермен кездесуде заң талаптарын сақтау қажеттігін баса айтты. Кейбір кәсіпкерлер түбіртек бермей, ақша аударымдарын пайдаланатыны айтылды. Осыған байланысты бақылауды күшейту, тексеру шараларын жүргізу және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациямен өзара іс-қимыл орнату тапсырылды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.