ДИКТОР: Бүгін еліміздің барлық өңірінде балалар үшін Президент шыршасы ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының атынан өткізілген Жаңажылдық мерекеге Ақмола облысының әр өңірінен балалар жиылды.
STAND-UP: НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ТІЛШІ: Президент шыршасына мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасы балаларымен қатар, оқуда оза шапқан озат оқушылардан құралған 9-13 жас аралығындағы 200 оқушы қатысуда.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жаңа жылдық қойылымның ажырамас бөлігі ертегі кейіпкерлері Ер Төстік, Көк бөрі және 2025 жылдың символы – Жыланның қатысуымен хореографиялық қойылыммен бірге шыршаны айналып би билеп шыршаны жағу рәсімі болды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Облыс әкімінің міндетін атқарушы Елдос Рамазанов Мемлекет басшысының атынан балаларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
СНХ: ЕЛДОС РАМАЗАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жас ұрпақ Қазақстанымыздың дамуында шешуші рөл атқаратынын және прогрестің қозғаушы күшіне айналатынын үнемі атап өтеді. Ал біз сіздің мақсаттарыңыз мен көздеген армандарыңыздың орындалуы жолында қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Менің жас достарым, бүгін мұнда ең талантты, ең жарқын, шығармашылық, белсенді балалар жиналғанын көріп тұрмын. 2025 жыл сіздер үшін жарқын және есте қаларлық жыл болады деп үміттенемін. Осы жаңа жыл Сіздерге көптеген қуаныштар, жетістіктер, жеңістер әкелсін. Қадірлі балалар, жаңа жыл денсаулық пен бақыт әкелсін. Армандарыңыз орындалсын, жаңа жыл құтты болсын!
РКС: Мерекелік шараға ата-ана қамқорынсыз қалған, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасының балалары, оқуда, спортта, шығармашылықта және басқа да жетістіктерге жеткен дарынды балалар бар.
СНХ: СҰЛТАН ЖОЛЖАҚСЫ, ҚОЯНДЫ №2 МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен Президенттік шыршаға келгеніме қуанамын. Президентке де алғысымды айтамын. Барлық Қазақстанның адамдарына жаңа жылдарың, мерекелерің жақсы өтуіне тілектеспін.
СНХ: АМАНГЕЛДІ ДІНМҰХАМЕД, Ы.АЛТЫНСАРИН ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: (ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ): Маған Президенттік шырша қатты ұнады және балаларға да ұнады.Мен барлық қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.Барлығына амандық тілеймін.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Балалар ән айтып, би биледі. Костюмдер байқауына қатысты. Жаңа жылдық шырша мен мерекелік декорация аясында ертегі кейіпкерлерімен бірге естелік фотосуреттер түсірілді. Ғажайып ертегіге ұласқан Жаңа жыл шыршасының басы-қасында жүрген ұйымдастырушылар да балалардың таза ниеті мен көңіліне, мерекелік қуанышына ортақтасты.
СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биылғы жылдың тақырыбы-«Қош келдің, Жаңа жыл!». Биылғы жылы біз оқушыларға, жан-жақтан келген балаларға бір ертегі әлеміне түсетіндей арнайы театрландырылған көрініс ұйымдастырдық. Ең бастысы өңірімізден барлық оқушыларға тамаша көңіл-күй сыйлау.Сондықтан балаларға ойлаймын, бүгінгі біздің бағдарламамыз ұнайды, алдағы уақытта оқушыларға жаңа жылда жаңа табыстарға жетуге тілектеспіз. Ең бастысы сапалы білім алып, жақсы тәрбиемен елімізге еңбегін сіңіретін азаматтар болуына тілектеспін!
РКС: Мереке соңында кештің кішкентай қадірлі қонақтарына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан 120 мың теңгенің сертификаты мен тәтті сыйлықтар қоржыны табыс етілді.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ,БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ