ДИКТОР: Ақкөл ауданына қарасты Кеңес ауылындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы Альбина Айдарханова қазақ даласына тән иіссу ойлап тапты. Атауы да ерекше. "Елім-ай" иіссуынан жусанның иісі сезіледі. Альбина ұстазымен бірге ғылыми жобаны қорғап шықты.
ИНТЕРШУМ: Көріп тұрғаңыздай, ең қымбат әтірде оның көпіршіктері ұзаққа созылады. Арзанда – оның көпіршіктері жойылып кетті. Ал менікінде орташа болып тұрғандықтан, менің ең сапалы, ең сапасыз деп айта алмаймын.
РКС: Осындай қарапайым эксперимент арқылы Альбина Айдарханова төл өнімін дүкеннен сатып алған екі иіссудың иісімен салыстырды. Парфюмерия жасау идеясы үшінші сыныпта оқып жүрген кезімде пайда болды,-дейді. Өнертапқыш оны дайындауға қажетті ақпаратты YouTube-тегі бейне сабақтар арқылы үйреніпті.
СНХ: АЛЬБИНА АЙДАРХАНОВА, КЕҢЕС ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Бұл менің ең бірінші әтірім. Ол көбінесе иіс суға жатады. Себебі оның иісі көптеген уақытқа жетпейді. Себебі құрамында спирт құрамы жоқ. Мен осы әтірді істегеннен кейін бұл көбінесе әтірге жатпайтының түсіндім. Сондықтан мен спирт қосылған әтірлерді жасалған келген. «Елім-ай» әтіріне Сұлтан Бейбарыстың аңызы көбінесе маған көмектесті. Себебі Сұлтан Бейбарыстың «Жусанда туған жердің иісі бар» деген сөзі маған өті ұнады. Мен жусаннан істегім келді. Цитрустардан, гүлдерден, көптеген жемістерден жасағанда бізге актуалды болмаған.
РКС: "Зерде" республикалық ғылыми жобалар байқауында Альбина жобасын "Химия және биология" секциясында қорғады. Осылайша жүзден жүйрік шығып, жүлделі 3 орынды еншіледі. Хош иістің ерекшеліктерін зерттеу үшін қолжетімді материалдарды пайдаланды. Иіссуды түрлі матаға сеуіп көрді. Осылайша төзімділігін тексерді. Хош иістің мақта өнімінде ең ұзақ сақталатынын анықтаған. Жобаға бастауыш сынып мұғалімі Жұпар Ахметова жетекшілік еткен. Ол Альбинамен үшінші жыл жұмыс істеп келеді.
СНХ: ЖҰПАР АХМЕТОВА, КЕҢЕС ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Күздің сонында біз нақты «Зерде» сайысына қатысамыз деп белгіледік, соған дайндалдық. Демек, зерттедік. Зерттеу барысында тек қана жусанды қолданған кезде иісі бізге аса ұнаған жоқ. Солай келе, біз басқа да шөптерді қосып, эфир майларын қосып, осылайша біз біраз иісін келтіре бастадық. Әрине әтір жасаған кезде ол түну керек қаранғы жерде. Тұру керек әбден. Соған әрине уақыт керек.
РКС: Балғын ақмолалықтың жетістігі лайықты бағаланды. Өнертпақыш туралы 15-ке жуық мақала газеттер мен журналдарда жарияланды. Әлеуметтік желілерде де жарыса пост жазылды. Серіктес болуға ұсыныстар да түсуде. Өнертапқыштар командасы "Елім-ай" хош иісінің өндірісін кәсіби тұрғыда жолға қоюды жоспарлап отыр.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ